"Жас толқын" республикалық олимпиадаға қатысу өтінімдерін қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорында дәстүрлі көктемгі «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінің аясында өтетін республикалық «Жас толқын» олимпиадасына қатысатын студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.
Олимпиадада Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатын 5 студенттен тұратын командалар қатыса алады. Олимпиада талаптарына сай студенттік сайысқа бір ЖОО-дан 2 командадан артық өтініш қабылданбайды.
Олимпиада 3 турдан тұрады:
- Алдын-ала іріктеу туры;
- Нысанды сайыстық тур;
- Спорттық сайыстар.
Кешенді сайыс төмендегі тапсырмалардан тұрады:
- "Миллионға идея" әлеуметтік-инновациялық жоба таныстырылымы;
- Студенттік өмір туралы бейнероликтің көрсетілімі;
- базалық пәндер бойынша тестілеу;
- Спорттық сайыстар.
Бірінші іріктеу турының нәтижесімен екінші турға 7 студенттік команда іріктеліп алынады. Олар Алматыда өтетін «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінде интелектуалдық және физикалық қабылеттерін ортаға салады.
"Миллионға идея" жобасының "Жас толқын" олимпиадасының жеңімпаздары өз-ара үш жүлделі орынды бөліседі. Ұйымдастыру комитетімен сондай-ақ қосымша номинациялар қарастырылған.
"Миллионға идея" жобасының ең үздік авторына идеясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбас қорының гранты табысталады.
Студенттік командалардан өтінімдер қабылдау мерзімі - 2 сәуір 2020 ж. дейін