«EL ÚMITI» - өркендеу онлайн платформасында «Елбасы Төсбелгісі» модулін жүзеге асыру үшін өтініштер қабылдау басталды
10.03.2020 ·
18:00
108088
0
Бөлісу
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Елбасы Төсбелгісі» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды және жобаның серіктесі болуды ұсынады.
Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар қатыса алады.
Байқау тәртібі:
- Үміткерлер «Елбасы Төсбелгісі» модулінің талаптары көрсетілген қысқаша сипаттаманы жүктеп алып, it@elumiti.kz поштасына байқауға қатысу өтінішін жолдауы қажет;
- Өтініштерді қабылдау мерзімі 14 күн, 2020 жылдың 10 наурызынан 24 наурызына дейін;
- Өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін 2 күнге созылатын қарастыру барысы өтеді;
- Байқау комиссиясының шешімімен модульді жүзеге асыруға тиімді деп танылған 3 үміткер іріктеліп алынады. Іріктеу мерзімі барлық өтініштерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күн;
- Іріктелген 3 үміткерге модульге қатысты толық талаптар көрсетілген техникалық тапсырма ұсынылады. Үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің талаптарына сай орындалу мерзімі мен қызмет бағасы туралы ақпаратты жіберуі тиіс;
- Байқау комиссиясы үздік ұсыныс берген бір жеңімпазды анықтайды. Жеңімпазды анықтау мерзімі - 3 жұмыс күні;
- «Елбасы Академиясы» КҚ мен жеңімпаз арасында модульді әзірлеу жөніндегі келісім жасалады..
Жеңімпаз 2020 жылдың 26 сәуіріне дейін «EL ÚMITI» - өркендеу онлайн платформасының «Елбасы Төсбелгісі» модулін жүзеге асыруы тиіс.
Жобаның потенциалды қатысушыларын іріктеу өлшемшарттары. Қатысушының:
- Ақпараттық технологиялар саласында 3 жылдан кем болмайтын еңбек тәжірибесі болуы керек ;
- Күрделілігі әр-түрлі жіксіз байланыстарды жүзе асыруда тәжірибесі болуы керек;
- Модульді жүзеге асыру мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы керек;
- Қызметтерді жүзеге асыру үшін 3 қызметкерді қоса алғанда қажет барлық материалдық және еңбек ресурстарына (жеке меншігінде, уақытша пайдалануында және т.б) иелік ету;
- «Елбасы Төсбелгісі» модуілін жүзеге асыруға дайындық деңгейі Тапсырыс берушінің талаптарына қатысты 60%-дан кем болмауы керек.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 24 наурызына дейін.
Байқауға қатысу туралы өтініштерді it@elumiti.kz поштасына жіберу керек.
Құжаттарды жүктеп алу: