news-img

Қазақстанның жас талантты ғалымдарын қолдау және олардың зияткерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау – Тұңғыш Президент Қоры қызметінің басты бағыттарының бірі.

 

Мұндай бірегей мүмкіндікті PhD докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында орналасқан "Жер бетіндегі инженерия және трибология" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Бауыржан Рахадилов пайдаланған. Өскемендік жас ғалым Елбасы қорының грантына ие болды, ол осы қаражатқа металл материалдарды өңдеуге арналған портативті қондырғы құрастырған.

 

Қазақстандық ғалымның көпатқарымды құрылғысы инновациялық электролиттік-плазмалық технология негізінде металл материалдарын өңдеуге мүмкіндік береді

 (цементтеу, шыңдау, азоттау және анодтау әдістері).

 

Бауыржан Рахадилов қондырғысының маңызды артықшылығы оның материалдарды өңдеу жылдамдығынан тұрады - ол стационарлық электрохимиялық және электролиттік-плазмалық қондырғылардың жылдамдығымен салыстырғанда 3-4 есе жоғары. Әзірлеу ерекшеліктерінің арасында, сондай-ақ оның салмағының аз болуы мен жинақылығын атап өту керек.

 

Қондырғыны құру барысында Бауыржан бірқатар эксперименттер мен зерттеулер жүргізді, олардың нәтижелері халықаралық ғылыми конференцияларда ұсынылған және мамандандырылған журналдарда жарияланған. Сондай-ақ, Қордың грант иегері Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне патент беру туралы оң қорытынды алды.

 

Бұл қондырғы арзан, сенімді және қарапайым жабдықты талап ететін шығын материалы ретінде электролиттің су ерітіндісін қолдану есебінен металдарды өңдеу технологиясын жетілдіруге бағытталған, — деп қорытындылады жобаның авторы Бауыржан Рахадилов.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру