Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау Бағдарламасы аясында қосымша іріктеу басталды
«Елбасы Академиясы» КҚ өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының аясында қосымша іріктеу байқауын жариялайды.
Қосымша іріктеу байқауы қатысу өтініштерінің жеткіліксіз болу себебінен келесі бағыттар бойынша өтеді:
Сала | Сала міндеттері |
Медиа индустрия |
|
Геологиялық барлау |
|
Білім |
|
Өндіріс (оның ішінде жаңа индустрия) |
|
Бағдарламаға қатысуға табысты практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі мен ең бастысы мемлекетті дамуына өз үлесін қосқысы келетін мемлекеттік және жеке секторда қызмет ететін, Қазақстанда және шетелде жұмыс істейтін ҚР азаматтары шақырылады.
Әр бір сала мақсатына сай мықты сарапшы білімі бар, саланы жетік меңгерген 3-4 кәсіби маманнан, білімі жоғары, берілген салада өсі мен даму құлшынысы бар 1-2 маманнан құралатын командалар жасақталады. Жұмысты команда көшбасшысы басқарады.
Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар
КОМАНДА КӨШБАСШЫСЫ
Тәжірибе:
- Салалық бастамалар саласындағы терең кәсіби білім және негізгі дағдылар, саланы сарапшылық деңгейінде түсіну, индустрияның әлемдік трендін білу, Қазақстан Республикасы мен серіктес елдердің нарықтық жағдайларын білу;
- Қазақстандық / халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 10 жыл тәжірибесінің болуы;
- Басқарушылық және жобаны кешенді басқарудың кемінде 5 жылдық тәжірибесі, оның ішінде басқарылатын ресурстарды үздіксіз оңтайландыру қажеттілігі, стратегия құру деңгейінде дәлелденген дағдылар, бірнеше функциялар мен процестерді жоспарлау және интеграциялау;
- Деректерді талдау мен интерпретациялауға, оның ішінде бағдарламалық бастамаларды дамытуға негізделген стандартты емес тәсілдер мен ұсыныстарды құру мақсатында күрделі аналитикалық есептеулерді жүргізу үшін күшті аналитикалық және қаржылық дағдылар;
- Белгісіздікті жеңе білу, ұйымдастырушылық қиындықтарды бағдарлай білу және өзгеретін бизнес қажеттіліктері мен басымдықтарына жауап беру үшін икемді болу;
- Жеке жетістіктерін растау;
- Жобалық тәсілді қолдана отырып, топтық жұмысты құру мүмкіндігі;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіру, өзара тиімді бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары;
- Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Салалық бастамалар саласындағы заңнаманы білуі;
- MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде Excel/Python немесе басқа бағдарламалардың көмегімен деректерді талдау мүмкіндігі.
Құзыреті:
- Күрделі мәселелерді талдау және шешу;
- Топ құру және дамыту;
- Нәтижені бағдарлау;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
САЛАЛЫҚ САРАПШЫ
Тәжірибе:
- Сарапшы деңгейінде саланы білу және түсіну, әлемдік индустриялық тренді түсіну, Қазақстан Республикасының және серіктес елдердің нарықтық жағдайын білу;
- Қазақстандық /халықаралық компанияларда/ мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Жеке жетістіктерін растау;
- Салалық бастамалардағы заңнаманы білу;
- Мықты аналитикалық дағдылар, деректермен жұмыс істеу қабілеті, соның ішінде деректердегі жаңа қатынастарды табу және іскерлік қызметті жақсарту үшін оларды түсіндіру мүмкіндігі;
- Ірі күрделі мәселелерді шеше білу;
- Жобалау тәсілдерін білу;
- MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде формулаларды пайдаланып, деректерді талдау.
Құзыреті:
- Топпен жұмыс жасау дағдылары;
- Коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашық болу;
- Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
- Әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогқа белсенді қатысу мүмкіндігі;
- Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау);
- Ұйымдастырушылық өзгерістер мен қайта құрулардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал ету;
- Нәтижені бағдарлау.
САЛАЛЫҚ МАМАН
Тәжірибе:
- Саланы білу және түсіну, жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР және серіктес мемлекеттердің нарығының конъюктурасын түсіну;
- Қазақстандық /халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
- Оқуға деген жоғары қабілеті;
- Салалық бастама саласында заңнамаларды білуі;
- MSOffice (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, оның ішіндеExcel/Python және басқа бағдарламалардың көмегімен мәліметтерді талдай білуі;
- Ақпараттың көп көлемімен жұмыс істей білуі;
- Сауатты ауызша сөйлеу және жаза білу;
- Ағылшын тілін жетік меңгеру.
Құзыреті:
- Аналитикалық саралау;
- Командада жұмыс істеу дағдыларының дамуы;
- Коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашық болу;
- Нәтижеге деген бағыттама;
- Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.
Өтініш қабылдау мерзімі
Осы қосымша іріктеу бойынша үміткерлердің өтінімдерін қабылдау 2020 жылдың 30 наурызынан 20 сәуіріне дейін сағат 18:00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты) жүзеге асырылады. Іріктеуге қатысу үшін үміткерлерге fpp.kz сайтында авторизацияны өту қажет және сілтеме бойынша өтініш нысанын толтыру қажет: https://fpp.kz/site/projects/view?id=3. Сізге "өтінім беру" батырмасын басып, өтініш нысанын толтыру қажет.
Барлық біліктілік талаптарына жауап беретін үміткерлер іріктеудің келесі кезеңіне шақырылатын болады, кандидаттармен байланыс өтініш нысанында көрсетілген байланыс деректері бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат пен жаңалықтарды facebook - салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасы немесе telegram – салалық менеджерлер әлеуметтік желідегі парақшаларда қарауға болады. Немесе 7170 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласыңыз.