news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 03/31/20 - Мұғалімнің қашықтықтан оқыту форматына оңтайлы ауысуын қалай қамтамасыз етуге болады?  Оқыту барысында қандай технологияны қолдану керек? Оқушыларды жаңа режимде оқуға қалай ынталандыруға болады? Осы және өзге де сұрақтардың  жауаптары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Asbis Kazakhstan  компаниясы ұйымдастырған вебинарда табылды.

«Білім беруді цифрлық түрлендірудің жаңа биіктері» вебинары интерактивті шеберлік сағаты форматында өтті. Оған Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан, сондай-ақ Украина мен Әзірбайжаннан 500-ге жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Бұл онлайн-кездесудің мақсаты - қашықтықтан сапалы білім беру үшін оқытушыларға жаңа технологиялар, әдістер мен тәжірибе ұсыну.

COVID-19 пандемиясы адамзатты өмірдің көптеген салаларын өзгертуге және оларды жаңа шындыққа бейімдеуге мәжбүрледі. Олардың ішінде білім саласы да бар. Жедел, нақты түрде және білім беру жүйесіне нұқсан келтірмей әрекет ету керек, өйткені адамның білім алуы оның  негізгі құқықтық негіздерін қалаушылардың бірі.

- Баршамыз, әсіресе ұлтымыздың болашағы - жас  жаңа білім мен дағдысыз қалмауы керек, Мемлекет қол жеткізуге міндеттенген ТДМ-2030 сәйкес карантиндегі  және оқшауланған барлық білім алушы жастар  сапалы біліммен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған байланысты қашықтықтан оқыту мұғалімдер үшін де, студенттер үшін де тамаша шешім болып табылады. Ал мұндай шеберлік сабақтары осы саладағы қызметкерлерге оқу процесінің жаңа форматына ауысуға көмектесуге арналған», - деді Елбасы қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Вебинар бағдарламасында қашықтықтан білім беру тақырыбы бойынша түрлі сұрақтар қабылданды. Спикерлер қатысушылармен қазіргі заман мұғаліміне әлемнің кез келген нүктесіндегі студенттерге біліммен бөлісуге көмектесетін пайдалы дағдылар, құралдар және шешімдермен бөлісті.

Мысалы, ағылшын тілі және кинотану пәнінің мұғалімі - Энтони Штурпе (АҚШ) балалардың үйреншікті әлеуметтік желілері  ТикТок, Инстаграм, Снапчат арқылы үй тапсырмасын орындау әдістерімен бөлісті. Нұрлан Иманғалиев (USTAZ Professional Learning Center академиялық директоры) мектеп директорлары мен мұғалімдеріне, сондай-ақ ата-аналарға қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысатын баламен қалай қарым-қатынас жасау туралы маңызды ұсыныстар жасады. Bilim Foundation ағылшын тілі департаментінің жеткшісі Ернар Сарбасов  EduPage платформасындағы Flipped Classroom әдістемесі негізінде сабақтарды әзірлеу әдістерімен бөлісті. Данила Егоров (Әзірбайжан Халықаралық мектебінің IT-директоры) мектепке «бірде бір» моделін (әр оқушыда жеке iPad) енгізу тәжірибесі туралы айтты. Мәскеу қаласының № 1317 директорының орынбасары Лариса Кадырова мұғалімдерге қашықтықтан оқытуды оңтайландыратын ZOOM, Socrative, NearPod және Quizizz  қосымшаларының негізгі артықшылықтарын ұсынды.

Вебинардың ұйымдастырушысы және іс-шараның идеологиялық шабыт берушісі Юлия Андреева (ТМД, Украина және Грузиядағы Apple компаниясының білім беру бағдарламаларының жетекшісі) бүгінгі таңда студенттер үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жинақталған ресурстарды, білім мен тәжірибені біріктіретін уақыт келгенін атап өтті.

Кездесу лайф-пікірталаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген білім саласындағы сарапшылардан толыққанды жауаптар алды.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13

pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру