news-img

Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен өткен Тұрақты даму және инновация бойынша III Орта Азиялық форумның маңызды сессияларының бірі гендерлік теңдік мәселесіне арналды.

Интернет-форум қатысушыларына ҚР Парламентінің депутаттары Ирина Смирнова мен Нұржан Алтаев, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова құттықтау сөз сөйледі. Баяндамашылар елдегі гендерлік мәселелерге шолу жасап қана қоймай, гендерлік саясатты жүзеге асыруда мемлекетпен жүзеге асырылып жатқан  шаралар туралы айтты.

Бұдан кейін гендерлік теңдік тақырыбына бей-жай қарамайтын жас ғалымдар мен зерттеушілер  сөз алды. Сессия модераторы, Елбасы қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі, ЕТУ ректоры Жанар Темірбекова, Қазақстан орындалу барысы бойынша міндеттеме алған Тұрақты даму орталығының  (ТДО) 17 мақсатына  қол жеткізу, гендерлік теңдікті қамтамасыз етпей  мүмкін емес екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салалардағы рөліне тоқталды.

НарХоз университетінің ғылыми қызметкері Айжан Сәлімжан ақысы төленбейтін үйдегі жұмыс түрлеріне мемлекеттік қолдау туралы баяндама жасады.

Заң ғылымдарының докторы, Адам құқықтарын,  инклюзия және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры, Халида Ажигулова ТДО-ға қол жеткізудегі әйелдердің үлесін күшейту мақсатында Қазақстанда сексуалды алымсақтыққа заң алдындағы жауапкершілікті енгізу маңыздылығын атап өтті.

Венгрия Орталық Еуропалық университетінің гендерлік зерттеулердің магистранты Айзада Арыстанбек  зорлауды басынан өткерген әйелдерге психологиялық қолдаудың қажеттілігі мен олардың мәселесін елемеу салдары туралы айтты.

Қоғамды жаһандық цифрландыру жағдайында цифрлық гендерлік мәселесі де өзекті.  НарХоз  университетінің ғылыми қызметкері Әйгерім Құсайынқызы оны біздің ел жағдайында қалай азайтуға болатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

Сессия белсенді қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Кездесу соңында спикерлер көптеген қызықты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру