Birge oqý-мен бірге сабақ құру бағдарламасын тегін жүктеп алыңыз
«Birge oqý» жобасы өз қолданушыларына жаңа мүмкіндіктер сыйлап, «Movavi Білім» бағдарламасымен таныстырады!
Бұл ресейлік Movavi ІЕ-компаниясының әлеуметтік жобасы. Оның мақсаты – ұстаздар арасында медиа құзыреттілікті арттырып, медиа шығармашылықты дамыту. Компания 3 жыл ішінде Ресейдің 2500-ден астам мектептерін, ЖОО, бала-бақшаларын өз бағдарламаларымен қамтамасыз еткен.
COVID-2019 пандемиясының кезеңінде Movavi ұстаздар үшін арнайы акция өткізіп, бейне-сабақтар жазатын Screen Recorder бағдарламасын Қазақстан ұстаздарына да тегін таратып жатыр.
Бағдарламаны алу үшін білім беру мекемесіне, мұғалімге немесе оқушыға https://edu.movavi.ru/sr-for-free сайтында өтінім парақшасын толтырып, электронды поштаға активтендіру кілтін алу керек. Егер қолданушы «Біздің акциямыз туралы қайдан білдіңіз?» деген сұраққа "Birge oqy"- деп жауап берсе, өтінімге директордың қолын көрсетпей -ақ, активтендіру кілтіне ие болады. Акция мерзімі 31 мамырға дейін.
Бұл бағдарламамен сіздер компьютерді ғана қолданып, бейне-сабақтар әзірлейсіздер, сондай-ақ:
- компьютердің жұмыс бетін, бағдарлама бетін немесе веб-парақшаны бейнеге түсіре аласыз;
- скриншоттар жасайсыз;
- вебкамера мен микрофон көмегімен өзіңізді түсіресіз;
- жазбаны видеофайл ретінде сақтай аласыз.
«Birge oqý» және «Movavi Біліммен» бірге медиа шығармашылықты дамытып, мультимедиялық технологияларды оңай игеріңіз!
Movavi сайтына сілтеме: https://edu.movavi.ru/