news-img

«Оңалту орталықтарын жабдықтау»
 Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын іріктеуді жүргізу туралы
  № 03/1-КФ хабарландыру

Нұр-Сұлтан қ.
«11» маусым 2020 ж.

«Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі — Тапсырыс беруші) әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын бағалау және салыстырмалы талдау (бұдан әрі-іріктеу) тәсілімен сатып алынатын тауарлар тізбесіне сәйкес 03/1 - ҚФ оңалту орталықтарын жабдықтау үшін жабдықтар сатып алуға әлеуетті жеткізушілерді іріктеуді жариялайды.

Тапсырыс берушінің орналасқан жерінің нақты мекенжайы: Қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2-1 блогы, 3-ші қабат, 3.22.9 кабинет, тел. 8(7172) 26 66 91.

Іріктеу рәсімі:

1. Сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкес тауарлар, қызметтер түрлері бойынша ҚҚС есебімен тауарларды, қызметтерді сатып алуға бөлінген сома 62 290 588 (алпыс екі миллион екі жүз тоқсан мың бес жүз сексен сегіз теңге 00 тиын) құрайды.

2. Іріктеу туралы хабарландыруға (бұдан әрі – хабарландыру) қоса беріледі:

- сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің тізбесі №1-қосымша;

- баға ұсынысының нысаны №2-қосымша;

- сатып алынатын тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшелігі №3-қосымша (ТС01-ТС19);

- шарт жобасы № 4-Қосымша,

олар осы хабарландырудың ажырамас бөлігі.

3. Әлеуетті өнім берушілерді іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар осы іріктеу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімі басталған уақытқа дейін желімделген конвертте ұсынылады және мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) баға ұсынысы (тары). Әрбір әлеуетті өнім беруші №2 қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (ол болған жағдайда) бекітілген 1 (бір) лотқа тек 1 (бір) баға ұсынысын береді;

3) әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген техникалық ерекшелік (тер);

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.egov.kz)  алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың көшірмесі; жеке тұлға үшін-тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.egov.kz) алынған құжаттың көшірмесі;

5) заңды тұлға үшін-әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын және ол тартатын бірлесіп орындаушыларды тағайындау (сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) ресми интернет көзінен (www.egov.kz) алынған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді растайтын электрондық анықтаманың белгіленген нысанының көшірмесі;

7) барлық қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктерден, қаржы және микрокредиттік ұйымдардан соңғы 12 (он екі) ай үшін есеп айырысу шоттарына берілген кредиттер мен картотекалар бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама;

8) лицензиялардың не электрондық құжаттың көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері (егер іріктеу шарттарында міндетті түрде лицензиялануға жататын қызмет болжанған жағдайда);

9) Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес ресімделген өзге де құжаттар.

4. Әлеуетті өнім берушілер осы хабарландырудың 3-тармағында көрсетілген, мөрленген конверттерге салынған құжаттарды Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2-1 блогы, 3-ші қабат, 3.22.9 кабинет мекен-жайы бойынша жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейінгі мерзімде 2020 жылғы «18» маусымнан 18:00-ге дейінгі мерзімде табыс етеді (жібереді).

5. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу бойынша іріктеу жөніндегі комиссияның отырысына қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерді және/немесе олардың өкілдерін тіркеу 2020 жылғы «18» маусымнан кешіктірмей сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: қазақстан, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы  55/13, С2-1 блогы, 3-ші қабат, мәжіліс залы,  «19» маусым 2020 жылы сағат 10:00.

7.  Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның іріктеуді жүргізу туралы ақпаратта және техникалық ерекшелікте көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарды іріктеуге қатысуға және жеткізуді, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

8. Әлеуетті өнім берушінің іріктеуге қатысу үшін құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы тиіс.

9. Тауарлар, қызметтер сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен техникалық ерекшелігінде (-ларында) белгіленген мерзімдерде жеткізілуі және, көрсетілуі тиіс.

10. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету шарттары Тапсырыс беруші орналастырған іріктеу туралы электрондық хабарландырудағы шарттарға қайшы келмеуге тиіс.

11. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында көрсетуі тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН және пошталық мекенжайы (заңды және нақты пошталық индексін көрсете отырып,), сондай-ақ байланыс деректері (электрондық пошта, телефондар);

2) Тапсырыс берушінің атауы, БСН және почталық мекенжайы, олар іріктеу туралы электрондық хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс;

3) лоттың (тардың) нөмірін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы қатысу үшін өткізілетін іріктеудің атауы ("03/1-ҚФ оңалту орталықтарын жарақтандыруға әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын бағалау және салыстырмалы талдау тәсілімен тауарларды, қызметтерді әлеуетті өнім берушілерді іріктеуге қатысу", ____________________________________ лоттың (лардың) атауы мен нөмірін көрсету міндетті, "2020 жылғы  "19" маусымда сағат 10:00-ге дейін ашпаңыз").

12. Осы хабарландырудың 11-тармағының талаптарын бұзған баға ұсынысы (ұсыныстары) бар Конверт (конверттер) тіркеуге жатпайды.

13. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы (-тары) бар Конверт (-тер) қабылданбайды.  Осы талаптарды бұза отырып, іріктеуге қатысу үшін пошта арқылы түскен конверттер ашылмауы және 1 (бір) жыл бойы сақталуы мүмкін.

15. Жеңімпазбен шарт жасасқан кезде шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету көзделеді.

Егер шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші:

1) шарттың жалпы құнының (сомасының) 3 (үш) пайызы мөлшерінде шартты қамтамасыз етуді ұсынады;

2) шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша аванс (алдын ала төлем) сомасының 6 (алты) пайызына тең аванс (алдын ала төлем) қамтамасыз етуді енгізеді.

Шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі шарт жобасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, оның ішінде электрондық тәсілмен жеткізілген шарттар.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру