news-img

Қазақстан үшін ағымдағы дағдарыс – үлкен мүмкіндік. Жақын арада бұқаралық туризм бұрынғыдай сұранысқа ие болмайды, себебі адамдар өздерінің денсаулықтарына төнген қатерді көріп отыр. Қазір ішкі туризмді белсенді дамытудың сәті туды.

Тарик Волкан Оскай
Capital Partners, Бизнесті дамыту бойынша директор,
«Туризм, мәдениет және спорт» саласының менторы 

 

Әлемді жайлаған короновирус пандемиясы ел экономикасына айтарлықтай нұқсан келтіргені анық, осы орайда бәрінен бұрын туризм саласы зардап шегіп отыр. Мәселенің алдын алу шараларын ұйымдастыру керек еді деп сан соғатын уақыт жоқ. Әрекет ету керек. Қазіргі  мүшкіл жағдайды жеңу мен оңалту тәсілдерін табу маңызды.

Өкінішке қарай, Қазақстанның туризм саласы тарихи тұрғыдан қалдықтық қағидат бойынша аталған саланы қаржыландыратын мемлекеттік орган өкілдерінің танымында да, азаматтардың танымында да экономикалық белсенділіктің маңызды саласы болып табылған жоқ. Осы орайда, Түркия, Грузия, Хорватия сынды бірқатар елдерде туризм саласы халықты тұрақты табыс және еңбекпен қамтамасыз етіп, ел экономикасында алдыңғы орындарды алып отырғаны белгілі.

Мысалы, Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің   (WTTC) деректері бойынша, Грузия елінің ЖІӨ саласындағы үлесі  27,1%, немесе $3,9 млрд. Әзірбайжан 14,6% немесе $5,1 млрд. Армения 14% - $1,5 млрд. туризмге қосқан үлесімен жалпы әлемдік рейтингте 17-орынды иеленіп отыр.

Осы тізімде Қазақстан ЖІӨ  6,2%  туризм үлесі және  $7,9 млрд. ақшалай көлеммен 129-орынға жайғасты.

Саладағы соңғы тренд демалыс  архитектуралық көрнекті жерлерді зерттеумен, жағажайларға бару немесе кәдесыйлар сатып алумен ғана шектелмейтін креативті туризмді дамыту болып табылады. Керісінше, креативті турист жергілікті мәдениет, тарих пен шығармашылықты толықтай тамашалау жолымен демалысын өткізеді. Мұндай саяхатқа аттанған турист осылайша жергілікті тағамды дайындауды, тілді меңгеріп және кәдесый  сатып алудың орнына оларды қолдан жасауға үйренеді.   

Мысал ретінде Нельсон қаласында шығармашылық әсердің кең ауқымын ұсынатын креативті кәсіпорындар желісін құрған Жаңа Зеландияның тәжірибесін келтіруге болады. Сүйекті кесу бойынша сабақтар, маори тілін үйрену, тоқымашылық, ағаштан бұйымдар дайындау, сондай-ақ, жергілікті асхананы зерттеуден дәрістер өткізіледі. Ал Барселона басқа тәсілді таңдапты, ол жерде муниципалитет жергілікті шығармашылық адамдары мен бүкіл әлемнен толассыз келетін креативті туристер арасында делдал ретінде қызмет етеді. Барселонадағы кез келген шығармашылық саланы зерттегісі келетін адам ресми веб-сайт арқылы мәселені шешуге көмектесетін қаланың кәсіби маманымен байланысқа шыға алады. 

«Мен қала қазақтарынан: «Таба нан деген не?» деп сұраймын. Көпшілігі білмейді. Ал ыстық таба нан, сары май мен бір кесе қымыз – бұл керемет тағам. Ұлттық гастротуризмге осыны мысал етуге болады», - дейді Сергей Александрович Терещенко, Халықаралық «Интеграция» қорының Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының экс Премьер-Министрі, «Туризм, мәдениет және спорт» саласының менторы. Шетелдік туристер үшін Қазақстан өзіне тән бірегей мәдениеті бар мемлекет болып табылатындығы көңіл қуантады. Оның үстіне, креативті туризмді мәдени туризм мен экотуризмді ұштастыру арқылы дамытуға болады, ал ішкі туристерге келетін болсақ, оларды тартудың негізгі факторы – шығармашылық, қолөнер және көшпелі бабаларымыздың өмір салтына үніле отырып, саяхаттау мүмкіндігін ұсыну.

«Қатысушылар тобымен бірге біз жай ғана өнім емес, қосымша құн және тікелей енгізу тізбегін байланыстырып, жаңа үлгіні құру керек екендігін көрдік. Біздің командамыздың басты мақсаты – бұл бәсекеге қабілетті қазақстандық туризм өнімін құру»  – Тимур Дүйсенғалиев,   «Компания Жібек Жолы» ЖШС директоры, «Туризм, мәдениет және спорт» саласының менторы. 

Еліміздің бәсекеге қабілетті басымдылықтарын осылай қолдану сыртқы, сондай-ақ, ішкі туристердің  ағымын айтарлықтай арттыруға жол ашады. Соның арқасында болашақта аталмыш салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де, жалпы қоғамға да туристік инфрақұрылымды дамыту және экономикалық белсенділікті ұлғайту салдарынан пайда әкелері сөзсіз. Мәдениет пен өзіндік ерекшелік ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп қалатындықтан,  креативті туризм сарқылмас байлық екендігін айта кеткен жөн.

Осындай тәсілдерді қолға алатын болсақ, жақын болашақта біз Қазақстанға, мысалы, этно-креативті ауылдарға демалыс іздеп әлемнің түрлі елдерінен келетін туристер легі артқанына куә боламыз. Осы тұста қазақ халқының өмір сүру салтының креативті жағы: ұлттық аспаптарда ойнау, ұлттық тағам әзірлеу, қолөнер, спорттық ойындар, тіл үйрену мен атқа міну басты нысандарға айналатын болады.

Түсініктеме қалдыру