news-img

Осы ұранмен Елбасы академиясы негізіндегі "Birge oqý" жобасының ұжымы мұғалімдер мен педагогикалық университтердің студенттеріне практикаға бағытталған "Цифрлы ментор 2.0" тегін онлайн курсын ұйымдастырды. 4 күндік курс 2020 жылдың 29 шілдесінде бастама алды. Қашықтан оқыту тақырыбына арналған курс 2 мыңнан астам мұғалім мен педагогикалық университеттің студенттерін қамтып шықты.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде, қазіргі таңда педагогтарды толғандыратын аса өзекті тақырыптар бойынша жүргізілді. Сонымен қатар, курс барысында онлайн педагогиканың терминологиясы мен стандарттары, белсенді оқыту стратегиясы мен SAMR әдістемесі - цифрлы таксономия және де онлайн курстың педагогикалық дизайн негіздері оқытылды. Оқытудың негізгі практикалық тапсырмалардан құрылды: курсқа қатысушылар өздерінің бейне-сабақтарын, онлайн тесттер мен сауалнамаларын құрастырып, оқытуды басқару жүйесінде өз тапсырмаларын жинақтады. Ал курс соңында бірінші тоқсанға арналған онлайн форматта қысқа оқу жоспарын әзірлей алды.

Қашықтан оқыту курсы elumiti.fnn.kz сайтындағы "Birge oqý" кәсіби бірлестігінде өткізілді, курс жаттықтырушыларымен кері байланыс жобаның YouTube арнасында онлайн трансляция жүзінде және Telegram мессенджерінде ұйымдастырылды. Курс соңында қатысушылар өз пәні бойынша цифрлы портфель қалыптастырды, олардың кейбір бейне-сабақтары Birge oqý арнасының плейлистіне жинақталды.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылардың 90%-ы курстың мазмұны мен оның тиімділігін жоғары бағалады, ал 73%-ы тренингті ұйымдастырушылардан уақытылы кері байланыс жөнінде оң пікірлер қалдырды. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындаған 300-ге жуық қатысушы арнайы сертификаттарға ие болып, Елбасы академиясының онлайн-мектебіне мұғалімдерді іріктеу конкурсына ұсынылды.

«Осы курстардың арқасында тамыз айында қандай нәрсеге дайындалатынымды білемін. ҰБТ дайындықтарына арналған тесттер, сондай-ақ  SAMR әдісін қолдану және LMS дайындау үшін бейне-сабақтар құру, әртүрлі аспаптарда жұмыс істеу мен бағалау. Бұл құралдар маған сынып жетекшісі ретінде, сынып және ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға тиімді болатыны сөзсіз. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!», - Онғарбаева М.Ж., мұғалім, «Цифрлы ментор 2.0» курсының қатысушысы (пікірлер elumiti.fnn.kz сайтындағы бірлестіктен алынды).

«Бұл курс объективті түрде өте пайдалы және уақтылы ұйымдастрылды. Осыған дейін алған тәжірибеміз бар болғанмен, бірнеше күн ішінде көптеген жаңа ақпарат алып үлгердік. Әр модульдің теориялық және практикалық материалдары бар екендігі ұнады. Осы төрт күнде қуана жұмыс істедім, барлық іс-әрекеттер мен ұсыныстарды курс мамандарымен қатар орындадым. Курстың ұйымдастырушыларына, «Birge oqý» ұжымына көп рахмет! Мен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенемін!», - Лидяева Н., мұғалім, «Цифрлы ментор 2.0» курсының қатысушысы (пікірлер elumiti.fnn.kz сайтындағы бірлестіктен алынды).

«Бұл жоба біздің студенттер үшін теориялық білім алу ғана емес, оларды практика жүзінде іске асырудың тамаша мүмкіндігі. Алдағы оқу жылында олар тәжірибелік сағаттар алмақ, сондықтан қашықтан оқытуды ұйымдастыруда цифрлық технологияларды қолдану білімі өте маңызды. Мен студенттердің үй тапсырмаларын қаншалықты ынтамен орындағанын байқадым. Курсқа деген қызығушылықтарының жоғары екендігі соншалықты тіпті, түнде де ғаламторға сынақ бейне-сабақтарын жүктеп отырды. Олар өте құнды тәжірибе алды», - деді Ләззат Бөлебаева, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

Мұғалімдер тарапынан қызығушылықты ескере отырып, курс ұйымдастырушылары келесі аптада курстың жаңа ағынын бастауға шешім қабылдады. Қатысушыларды екінші лекке тіркеген кезде басымдық ауыл мектептеріндегі мұғалімдерге берілмек, өйткені олар қашықтан оқытуды ұйымдастыруда цифрлық дағдыларды аса қажет етеді,  дейді курс ұйымдастырушылары.

"Цифрлық ментор 2.0" курсының үздік қатысушылары "Birge oqý" қашықтан оқыту мектебіне мұғалімдер мен тьюторлар ретінде жұмысқа шақырылады.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Қалай тіркелеміз? Мен таба алмадым

comments-author-avatar
Зарегистрировалась, жду щаданий

comments-author-avatar
Отличный курс, спланировано все грамотно, так чтобы учитель мог на практике применить свои знания и умения.

comments-author-avatar
Ұйымдастырушылар үлкен рахмет

comments-author-avatar
Керемет,Үлкен рақмет

comments-author-avatar
Курс маған ұнады,берері көп!

comments-author-avatar
Ұйымдастырушыларга улкен рахмет!!!

comments-author-avatar
хотелось бы тоже пройти курс

comments-author-avatar
Как получить задание 2 дня? Проверила почту, ничего не было? 

comments-author-avatar
курс өте жақсы, мұғалімдердің АКТ құзыреттіліктерін арттыруға пайдасы зор