news-img

 «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Qabilet» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсыныс байқауын қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, өтініштер 31-ші шілде мен 14-ші тамыз аралығында қабылданды. Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылған болатын.

24-ші тамыз күні «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының байқау комиссиясының отырысы өтті. Онда «Жоба қатысушысын таңдау ережесінің» 4.1-тармағына сәйкес үміткерлердің іріктеу талаптарына  сәйкес келмегендігінен байқауды жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданды.

Өтініш білдірген үміткерлерге алғыс айтамыз!

 

 

Түсініктеме қалдыру