Жас ғалымдар Халықаралық форумда «Назарбаев моделінің» рөлін талқылайды
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 22.10.20 - 26 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын «Назарбаев моделі» — ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» атты жас ғалымдардың халықаралық онлайн-форумы басталады.
Форум бес күн өтеді және агроөнеркәсіптік кешені, инновациялар мен кәсіпкерлік, медицина, құқық және т.б. мәселелердің дамуы қатысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жас ғалымдардың ұсынымдары көрсетілген қарар қабылдаумен аяқталады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Сорбонна-Қазақстан Институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан мен Өзбекстандағы GIZ өкілдігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ кеңсесі, «Атамекен» ҚР ҰКП және бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары бірлесіп ұйымдастырды.
«Назарбаев моделі» уақыт шеңбері бөлінісіндегі тапсырмаларға бөлінген республика дамуының стратегиялық пайымын білдіреді. Бұл модельдің басты ерекшелігі – ол ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында дамып келе жатқан мемлекеттің қол жетімді мүмкіндіктеріне сүйенеді. Осылайша, қазіргі әлемнің жаңа талаптары тұрақты даму траекториясымен келе жатқан ел үшін күтпеген жағдай болмақ емес.
Бүкіл әлем коронакризистен шығудың жаңа шешімдерін іздеп жатқан кезеңде, «Назарбаев моделі» ғылымның түрлі бағыттарын ұсынатын ғалымдар мен сарапшылар үшін терең және жүйелі пайымдадуды қажет ететін тақырыпқа айналды. Тәуекелдерді прагматикалық бағалау, реформаторлық идеялар, жаһандық бастамалар, экономикалық саланы кешенді реформалау, саяси жүйені құрылымдық жетілдіру, қазақстандықтардың санасын жалпыға ортақ жаңғырту – жаһандық дағдарыстар мен қақтығыстар кезеңінде Қазақстанның қарышты дамуын айқындайтын, табысты жұмыс істеп тұрған «Назарбаев моделінің» негізгі құрамдас бөліктері.
Бұл ретте, әлемдегі сын-қатерлерге қарамастан, бәсекеге қабілетті ментальдықты қалыптастыруға жәрдемдесу және қоғамның жоғары руханилығын бекіту мемлекет үшін басымдық болып қала береді.
«Назарбаев моделі» — ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» халықаралық жас ғалымдар форумы Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесін ұғынуды ғана емес, сондай-ақ жас ғалымдардың идеяларын одан әрі апробациялау және мемлекеттік органдардың өкілдері үшін пандемиядан кейінгі кезеңде олардың ерекше құнды ұсынымдар әзірлеу жөніндегі ауқымды ғылыми алаңға айналады.
Қашықтан өткізу форматында ұйымдастырылатын форумға 15 елдің ғалымдары қатысады.
Форум аясында қатысушылар келесі секцияларда ғылыми баяндамалар жасайды:
- Секция 1. «Covid-19: құқықтық мәселелер».
- Секция 2. «Инновациялар және кәсіпкерлік: Сovid-19 ақиқатындағы трансформация моделі».
- Секция 3. «XXI ғасырдағы Агроөнеркәсіптік кешен: ғылым және инновациялар».
- Секция 4. «Қазақстан Республикасында коронавирустың тиімді алдын алу шараларын қабылдау».
- Секция 5. «Қазіргі заманның күтпеген мәселелері: қоғам мен денсаулық сақтау жүйесінің пандемияға байланысты өзгерістерге әсері мен реакциясы».
- Секция 6. «ХХІ ғасырда Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан».
Сондай-ақ ТМД елдерінің жас ғалымдар кеңесі төрағаларының қатысуымен «Пандемия кезеңіндегі цифрландыру: жаңа талаптар мен үрдістер» және «Жаңа жағдайдағы ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары» атты ғылыми отырыстар өтеді.
Сонымен қатар, форум бағдарламасын «Пандемиядан (карантиннен) кейін дәрігер мәртебесі қалай өзгерді» ғылыми пікірталас клубы мен вебинарлар мен воркшоптар сериясы түрлендіреді.
Мемлекеттік орган басшыларының, жоғары оқу орындары ректорлары, ТМД елдерінің жас ғалымдар кеңестері төрағалары қатысуымен өтетін форумның пленарлық отырысын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев ашады, кездесудің модераторы – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов; Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев; Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықов; Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров; Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Такир Балықбаев, Қазақстан мен Өзбекстандағы GIZ (Германия) өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька; Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо; Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Андрей Котельников; Беларусь Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы Андрей Иванец; Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты Мену Мамадюсуфова және т. б. құттықтау сөз сөйлейді.
Форумның ресми ашылуы 26 қазан сағат 12:00-де.
Іс-шара YouTube арнасында көрсетіледі:
- қазақ тілінде https://youtu.be/I7rr_phH5fY
- орыс тілінде https://youtu.be/mslq-m1Bey0
- ағылшын тілінде https://youtu.be/v_IZUH-eCuI
Екінші күн https://youtu.be/
Үшінші күн https://youtu.be/
Төртінші күн https://youtu.be/
Бесінші күн https://youtu.be/
Форумның толық бағдарламасы қоса тіркеледі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13