news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 17.11.20-Шығармашылық қайраткерлер мен өнер шеберлері Қазақстанның дарынды жастарымен бірегей білім мен практикалық дағдыларды бөлісуді жалғастыруда. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі онлайн кеңістікте қарқын алуда.

Жоба аясында «Қазақстанның кинонарығы: жақсыны көрмекке», «Қазақстанға ақын керек пе? Ақынға Қазақстан керек пе?», «Қазақстанның театр әлемі» тақырыбында онлайн пікірталастар мен вебинарлар өтті.  Сондай-ақ, 16 жастан 40 жасқа дейінгі барлық қатысушылар үшін «Әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, жаңа ұрпақ шығармашылығын тоқтатпайды!» байқауы жалғасуда, қатысу шарттары jasstar.kz сайтында жарияланған.

- Биылғы жыл мәдениет өкілдеріне ауыр тиді. Табыс көзі тым азайып кетті.  Кездейсоқ «ЖасSTAR» фестивалінің ұраны - «Әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, жаңа ұрпақ шығармашылығын тоқтатпайды!» дегенді көзім шалды. Бұл 2020 жылы басымызға түскен барлық теріс ақпараттық ағымнан құтқаратын үміт сыйлағандай болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдау көрсеткеніне ризашылығымды білдіремін.  Мен барлық вебинарларды тыңдап, спикерлерге сұрақтар қойдым. Олардың бәрі өте лайықты және табысты адамдар, олар пандемияға қарамастан шығармашылығын жалғастырудың жолын тапты және менің одан әрі алға жылжуыма себеп болды, - деді фестиваль қатысушысы, фрилансер Айгүл Құмалақова.

«Кино, драматургия» секциясында өткен «Киножауһарын қалай түсіруге болады?» онлайн-пікірталаста  Қазақстандық режиссер Эльдар Шибанов пен Олжас Баялбаев, актер, Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі Елжас Рахым, «Арқа» жоғары кино мектебінің директоры Вячеслав Ширяев (Мәскеу), кинопродюсер, кинопрокатшы Владислав Пастернак (Санкт-Петербург) және Premier стримингтік платформасының креативті продюсері Анна Гудкова (Мәскеу) ойларымен бөлісті.

Кездесу өте мазмұнды, танымды болды және ең бастысы қазақстандық жас кинематографистер тарапынан шынайы қызығушылық тудырды. «2020 жылғы сын-қатерлер кино индустриясына қалай әсер етті?» сұрағына жауап беру барысында, спикерлер биылғы жылғы оқиғалар кинонарықты өзгерткенін және оның қатысушыларынан бәсекеге қабілеттілік пен креативтілікті талап еткенін, жаңа мағыналар, жанрлар мен форматтар әкелгенін, және ол орасан зор өзгертуді жалғастыруда деген пікірге келді.

Анна Гудкова «Пандемияға қарамастан, кино саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейі айтарлықтай өсті. Алайда, 2020 жылы кинодағы көптеген идеялар мен жобалар бірден ескіріп, өзектілігін жоғалтты», деп пікір білдірсе, Олжас Баялбаевтың пікірінше, «қатыгез» 2020 жыл "жобалармен жұмысты тиімді жоспарлауды» үйретті, ал Елжас Рахым үшін бұл жыл «өте белсенді және киножобаларға бай болды». Вячеслав Ширяевтің пікірінше, пандемия «Кино жасаушының санасында төңкеріс жасады». Владислав Пастернак кинопрокатшы ретінде «Біз пандемиядан кейін кино қандай болатынын әлі білмейміз, бірақ ол өзгеше болады» деп атап өтті. Ал Эльдар Шибанов карантин мен локдаунға қарамастан, 12 түсірілім күнінде «толық метрлі фильм» түсіре алды.

Пікірталас тақырыбына қатысты спикерлер жас кинематографистермен бірнеше кеңестермен бөлісті:

  • Шедеврді бірден түсіру міндетін қоймаңыз.
  • Сценарий мұқият дайын болмай, кино түсіруге асықпаңыз.
  • Психология және нейрофизиология саласындағы біліміңізді жетілдіріңіз.
  • Қазіргі көрермен өте талапшыл бола бастағанына назар аударыңыз.
  • Нетворкинг және сторителлинг дағдыларын меңгеріңіз.
  • Сіз өзіңіздің кәсібіңізге адал болуыңыз керек және берілмеуіңіз керек!

«Кино, драматургия» секциясының бағдарламасында кино сыншысы Кәрім Қадырбаевтың қатысуымен «Сенбеймін» онлайн-пікірталасы өтті. Қазақстан киносыншылары қауымдастығының мүшесі жас кинематографистердің ең танымал қателіктерін талдады. Олардың ішінде: сыншылдық, нашар визуалды және дыбыстық монтаждау, сапасы нашар диалогтар, кейіпкердің бейнесін ашпайтын мағынасыз сюжеттер, актерлердің дарынсыз ойыны.

Кәрім Қадырбаевтың пікірінше, толық метрде мынадай қателіктер бар: бір-біріне ұқсас кинотуындылар; месседждің болмауы («мен бұл фильммен қандай ойды жеткізгім келеді?»); кейіпкерлерде «арка» жоқ (жеңу арқылы трансформациялану).

Сондай-ақ, танымал кино сыншысы «Кино сыншылар – кино санитарлары» Бірақ сыннан қорқудың қажеті жоқ. Талаптаныңдар! Түсіруді тоқтатпаңдар! Дамыңдар!», -деді. Ол тыңдаушыларға келесі ұсыныстарды айтты: Александр Миттің «Тозақ пен жұмақ арасындағы кино», Роберт Маккейдің «Миллион долларлық тарих», Брайан Рафтеридің «Кино тарихындағы ең жақсы жыл. 1999 жыл бәрін қалай өзгертті», кітаптарын оқып шығу, Кино сыны туралы Андрей Плахов, Кирилл Разлогов және Антон Долиннің  кітаптарын оқу. Сондай-ақ, «Empire» журналының нұсқасы бойынша үздік танылған фильмдер мен кино туралы фильмдерді көру: «Кино дәуірі» (Деректі сериал, 2019); «Элай Ротпен болған қасірет тарихы» (Деректі серия, 2018); «Мартин Скорсезенің Американдық кино тарихы» (Деректі фильм, 1995).

Практикалық кеңес ретінде спикер вебинар қатысушыларына «Кино өнері» журналына жазылуды ұсынды (kinoart.ru), үнемі дамуды және бәрін басынан бастау қорқынышын жеңуді, күніне кемінде бір бет жазу керек екенін айтты.

Эльмира Карманова екі кездесуде модератор болды. Пікірталасқа қатысушылар спикерлердің деңгейіне және «ЖасSTAR» фестивалінің жаңа форматына таң қалды.

- Спикерлер кино өндірісінің барлық кезеңдерін-тарихтың пайда болуынан бастап прокатқа дейін, дәлірек айтқанда, фильмдерді прокаттаудың жаңа шындығын қамтығаны ұнады. Жаңа және пайдалы ақпарат өте көп, - деп өз әсерімен бөлісті фотограф Евгения Волкова.

- Мен үшін бейнешығармашылық әлеміне саяқаттауға мүмкіндік беретін пайдалы ақпарат көп болды. Алыс болып көрінгендердің бәрі жақын, қол жетімді болады екен. Жаңа формат үшін рахмет! - деп атап өтті бейнеблогер Арман Нарымбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі
БАҚ үшін:

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Қатысу мәселелері бойынша:
info@jasstar.kz

 

Түсініктеме қалдыру