news-img

Жас ғалымдардың «Цифрландыру: әдіснама, құралдары, нәтижелері, тәуекелдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2020 жылғы 20 қарашада Алматы, Курск және Мәскеуде online режимде өтеді.

Конференцияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік экономика мен қоғамның барлық салаларына ену процесінің барысы мен нәтижелері тақырыбы талқыланады. Цифрландыру үшін жаңа технологияларды барлық жерде енгізу – ғылыми қоғамнан тұжырымдамалық, зерттеулік деңгейді және алынған нәтижелерді практикада қолдану әрекетінде жедел әрі адекватты жауапты талап етеді.

Конференция Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры (Қазақстан), Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі, Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті (Курск қ., Ресей) Нұр-Сұлтандағы Россотрудничество өкілдігінің қатысуымен ұйымдастырылады.

Жас ғалымдар цифрландырудың қоғамдық және корпоративтік мәдениеттің өзгеруіне әсерін, информатика мен қолданбалы математиканың өзекті іргелі міндеттерін және ең алдымен экономикалық және әлеуметтік жүйелерді басқарудың зияткерлік-аналитикалық әдістерін, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйелер құруды, экономикалық ақпаратты пайдалануды оңтайландыру үшін талдаудың математикалық әдістерін қолдануды талқылайды. Бағдарламада сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллектті қолданудың практикалық шешімдері мен технологиялары таныстырылады.

Конференция шеңберінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының кемінде жиырма баяндамасы мен әзірлемелері ұсынылады. РҒА ЖҒК  делегациясының мүшелері эфирге Курск қаласының Оңтүстік-Батыс университетінен, қалғандары өз жұмыс орындарынан шығады. Конференцияға Ресейдің сегіз аймағы қатысады.

Конференция туралы толық ақпарат-жобаның ресми интернет-порталында  https://swsu.ru/mnt-2020/kazakhstan-line.php

БАҚ өкілдері үшін конференцияға қатысуға сұраным жіберу: ysrus@mail.ru

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
хорошая новость!

comments-author-avatar
спасибо за отзыв!