news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 7.12.20 - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, iTeacher Academy және ASBIS Қазақстан ұйымдастырған  «Әркім бағдарламалай алады» жаңа білім беру бағдарламасына 1 000-нан астам тыңдаушы қатысты. Олардың арасында оқушылар, студенттер, педагогтар мен бағдарламалау саласындағы мамандар бар.

Бағдарлама тікелей эфирде iTeacher Academy YouTube арнасында өткен бес ашық дәрістен тұрды.

Ұйымдастырушылардың мақсаты  - бағдарламалау және кодтау саласындағы білім мен өзекті ақпаратты, олардың қызмет түріне қарамастан, барлығына қолжетімді жасау. Лекторлардың пікірінше  «Әркім бағдарламалай алады» бағдарламасы - қазіргі әлемде бағдарламалау дағдылары өздерін болашақта ғана емес, қазір де бәсекеге қабілетті деп санайтындарға қажет.

- Бағдарламалау – бұл  тек аналитикалық қана емес, сонымен қатар технологиялық ғасырда қажетті сауаттылық болып табылатын шығармашылық сабақ. Бұл жазу және оқу сияқты міндетті дағды. Бағдарламалауды үйрену үшін көптеген ресурстар мен ақпарат бар. Бұл шеберлікті үйренгісі келетіндердің барлығында өзіне ұнайтын бағытты таңдау ғана қалады,-деді Iteacher Academy негізін қалаушылардың бірі Юлия Андреева.

Apple компаниясының сертификатталған мұғалімі Алина Слепушкина мектеп оқушыларына арналған қосымшалар туралы айтты, соның арқасында олар ерте жастан бастап бағдарламалауды ойын түрінде оқи алады. Ал педагогтармен жаттықтырушы информатика сабақтарында ғана емес, басқа да мектеп пәндерінде қолдануға болатын құралдармен және жаңа технологиялармен бөлісті.

Алина сонымен қатар соңғы бірнеше жылда кәсіптердің қалай өзгергені, кескін қалай өзгергені және бағдарламашылардың жасы қалай өзгергені туралы хабарлады.  Coding OSMO, Code Spark Academy және, әрине, Apple-дің «Everyone Can Code» білім беру бағдарламасының SWIFT сияқты мектеп жасына дейінгі бағдарламалардың арқасында балаларда бағдарламашы бола алады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері Android үшін бизнес-қосымшаларды әзірлеуші Данияр Мұхановтың дәрісінде Android-қосымшасы неден тұратынын, неліктен жергілікті бағдарламаларды жазу маңызды екенін және мобильді қосымшаларды жасау үшін қандай компоненттер қажет екенін білді. Сондай-ақ, сарапшы kotlin бағдарламалау тілі туралы және неге ол  java-ны Android әлемінен ығыстыратыны туралы айтты.

Спикер бағдарламалау негіздері берілген бірқатар онлайн курстарды ұсынды.

Бағдарламалау – бұл өзін-өзі оқыту туралы, бағдарламалау шеберлігі дегеніміз жүзу шеберлігі сияқты - үйрену үшін жаттығуды бастау керек, - деді әзірлеуші.

Ресейден келген iOS әзірлеушісі Денис Быструев өзінің онлайн сабағында студенттер мен мұғалімдерге Swift тілі туралы, қазіргі заманғы ең танымал және қарқынды дамып келе жатқан бағдарламалау тілдерінің бірі туралы айтты.

Вебинарлар циклін жас IT-данышпан және талантты бағдарламашы Филипп Захарченко аяқтады. Georgia Institute of Technology (АҚШ) студенті өзінің қалыптасу және мамандық таңдау тәжірибесі туралы айтты. Сондай-ақ, спикер өз бетінше білім алу үшін hackingwithswift.com, raywenderlich.com және learnswift.kz сервистерін ұсынды, онда сіз пайдалы курстардан өтіп, жас бағдарламашыларға  арналған біліміді ақысыз аласыз.

Филипп, Apple WWDC (Apple Worldwide Developers Conference) грантының 4 дүркін жеңімпазы ретінде, байқаудың жүлдегері болу үшін қандай жобаны дайындау керектігін және әлемдік трендтерді қалай қадағалау керектігі туралы құпиялармен бөлісті. Конкурсқа қатысу және өтінім беруге үлгеру үшін анонстарды наурыздан бастап қадағалау қажет. Ол сонымен қатар әлемнің жүздеген инженерлері, дизайнерлері мен Apple менеджерлері арасындағы ерекше желі болып табылатын конференцияның сөзсіз құндылығын атап өтті.

Бағдарламаға қатысушылар алынған білімнің жоғары маңыздылығын атап өтіп, оның дамуы мен тақырыбын кеңейту қажеттілігіне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы  өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру