Қостанайда оңалту орталығы таныстырылды
АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 9.02.21- Нұрсұлтан Назарбаев Қоры әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық жәрмеңкесі аясында қолдап отырған қазақстандық ҮЕҰ қоғамның дамуына белсенді үлес қосуда. Мүгедек балалардың проблемаларына бей-жай қарамайтын осындай ұйымдардың бірі «Қостанай облысының паралимпиадалық спорт түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігі болып табылады.
Жақында ғана Федерация өзінің «Преодоление» («Еңсеру») оңалту орталығы жобасын таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бұл бастамаға 2020 жылы «Орнықты даму мүддесіндегі жаһандық проблемаларды жергілікті шешу» әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының қорытындысы бойынша қолдау көрсеткен болатын.
Мұнда жабдықталған тренажер залы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарланған бөлме, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған компьютерлік сынып пен спорт секциялары (үстел теннисі, пауэрлифтинг, жүзу, ұлттық спорт түрлері, садақ ату, арбамен билеу) ашылды.
Оңалту орталығы келушілердің кедергісіз спортпен шұғылдануы үшін ең қажетті құралдармен жабдықталған. Атап айтқанда, үстел теннисіне арналған алты үстел, орындықтар және пауэрлифтингпен айналысуға арналған толық құрал-жабдықтар, төсеніштер, доптар, серуендеуге арналған параподиум, тренажерлер, сегіз би арбасы және т.б.. Жобаға кәсіби нұсқаушылар тартылды.
Сонымен қатар, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына - арбадан арбаға ауысып отыруға, еңбектеуге, өз денесін басқаруға, төсеніште жаттығуға, арбаны басқаруға және т. б. үйретеді.
- Үйден шығып, қоғамда әлеуметтену мүмкіндігі – бұл біздің балаларымыз үшін өте маңызды. Өйткені, көбі үйде төрт қабырғаға қарап отырады. Балаларға әлеуметтенуге және сауығуға мүмкіндік бергені үшін Қорға рахмет. Бүгін массаж креслосында массаж жасаттық, - деді сал ауруына шалдыққан жасөспірімнің анасы.
- Балалардың өздеріне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымыз! Бұл тек балалар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де қарым-қатынас пен көңіл-күй! Осындай мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет! – деді орталықтың ашылуында садақ атуға жазылған Алибидің анасы.
Орталық спорттық және демалыс іс-шараларын, турнирлер, жиындар ұйымдастыруды, сондай-ақ жобаны жан-жақты дамытуды жоспарлап отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматы қаласындағы өкілдігі
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 727 305 36 19
+7 708 960 56 13