news-img

Табыс - бұл нәтиже емес, тұрақты даму. Табысты адам бір жерде тұрмайды, ол үнемі ізденісте болып, өзін-өзі жетілдіріп отырады. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының магистранты Темірлан Өміржан осылай деп есептейді.

- Менің қызығушылығым мен ақыл-парасатым академиялық мансабымда көп көмектесті. Мен оқып жатқан әрбір пән мен үшін қызықты, бұл оны терең игеруге, ал алған білімімді біліктілігіме айналдыруға көмектеседі, - дейді Қор стипендиаты.

Оқу барысында Темірлан ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген «Жылу энергетикасы» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында үш рет жүлдегер атанды. Ол сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті ұйымдастыратын «Жылу энергетикасы»  студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпазы.

Қазіргі уақытта Темірлан Өміржан қатты отынмен жұмыс істейтін энергетикалық қазандықтардағы жылу алмасу процестерін қарқындату саласында ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысып жүр. Ол техникалық ғылымдар саласындағы шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда бірқатар мақалалар жариялады.

- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы мен үшін ең алдымен, ғылыми, шығармашылық және білім беру қызметін одан әрі дамытуға ынталандыру. Марапаттың бұл түрі студенттің жұмысына назар аудару және құрметтеу деп есептеймін. Сіздің жұмысыңыздың лайықты бағалануы әрқашан жағымды сезімдер сыйлайды, - деді жас ғалым Темірлан Өміржан.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының

Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев

e-mail: pr.zhumashev@gmail.com

+7 727 305 36 19

+7 708 960 56 13

 

Түсініктеме қалдыру