НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕ МАМАНДАРЫНЫҢ ОҚЫТУЫН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ
Уәкілетті органдардың медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) жүргізген тексеру шаралары көптеген кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтайды. Көбінесе бұл қызметкерлердің біліктілігі төмен болуымен, күн тәртібін, мекемелердің жұмыс нормаларын сақтамау себептерімен байланысты.
Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару қызметіндегі осы кемшіліктерді жою өткір қажеттіліктердің бірі, яғни «құрметпен қарау» әдістемесін енгізу, медициналық, әлеуметтік, психологиялық және түзету қызметтерін жақсарту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру.
Осы мақсатта Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры Қазақстандағы балаларға арналған МӘМ қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыруды қолға алды.
Арнайы семинарлардың негізгі міндеті – кәсіби құзыреттілікті дамытып қана қоймай, сондай-ақ мамандардың бала құқығын бұзуды болжайтын кез келген жағдайларға төзбеушілігін дамыту.
Оқыту семинарлары Шымкент қаласындағы «№6 Балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 87 маманы мен Атырау қаласындағы «№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 44 маманы үшін өткізілді.
Бұл мекемелерде, көпшілігі сол жерде тұратын мүмкіндігі шектеулі 297 балалар қызмет алады. Оқытуды Италияның жетекші мамандарымен даярлықтан өткен «Кеңес» мүгедектерді кешенді оңалту орталығының қызметкерлері жүргізеді.
- Бізге жүктелген миссияның жауапкершілігін сезіне отырып, біз қиын әрі өте жауапты шығармашылық жұмысымыздың барлық қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндауға тырысамыз. Мамандар диалог құру, тәжірибе алмасу, сенім және балалардың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік арнасындағы кешенді жұмысты құруға назар аударады, – дейді «Кеңес» МҚБ Бас директоры Майра Сүлеева.