news-img

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Сорбонна-Қазақстан Институтымен бірлесіп «Заң диалогы» жобасын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.

Бұл жоба аясында еліміздің құқықтық жағынан дамуына үлкен үлес қосқан отандық заңгер-ғалымдарға арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Жоба ғылыми ортаға, заңгерлік және халықаралық-құқықтық саладағы зерттеушілерге, тәжірибелі заңгерлерге және құқық мәселесіне қызығушылардың бәріне арналған.

«Қазақстан қылмыстық құқығының классиктері» тақырыбындағы бірінші дөңгелек үстел 19 мамырда сағат 12:00-де онлайн-форматта өтеді. Бұл кездесудің модераторы – заң ғылымдарының докторы, профессор, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, АХҚО Құқық академиясы Академиялық кеңесінің мүшесі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Дөңгелек үстелге қатысқысы келетіндердің барлығын Zoom платформасына немесе Abai university KazNPU YouTube-арнасына шақырамыз.    

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: +7 701 779 88 70 – үйлестіруші Айнұр Сәбитова.

Қатысу үшін қажет сілтемелер:

 

Түсініктеме қалдыру