news-img

Қазақстанда тұңғыш рет «Community Media Hub» инклюзивті медиамектеп  ашылды.  Бұл керемет жобаның авторы «Reliance» қоғамдық қоры. Бастамашылар өз идеясын жүзеге асыру үшін 2021 жылы «Мемлекеттік, іскерлік және КЕҰ: бірлік пен тұрақты даму үшін серіктестікке 30 жыл» әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қорының грантын ұтып алды.

Мектептегі оқыту жүйесі мүгедектікке байланысты тақырыптарды қамтуға толерантты көзқарасқа бағытталған. Инклюзивті бағдарлама арқылы кәсіби жаттықтырушылар тыңдаушылардың медиа сауаттылығы мен цифрлық дағдыларын арттыруды жоспарлап отыр. Оған қоса, оларға білім беру мен жұмыс ортасын қамтамасыз етуге ниетті. Жоба нәтижелері бойынша, республиканың 14 аймағынан ұсынылған мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан 20 медиапродюсер оқытылады.

Қазір 25-тен астам мүмкіндігі шектеулі жандар мектепте онлайн форматта білім алып жатыр. Олар: видео жасау, дыбыс режиссурасы, продюсерлік, журналистика негіздері, сонымен қатар, цифрлық БАҚ-ын құру бағыттары бойынша оқиды.

«Медиа мектепте оқу БАҚ-та мүгедектер туралы қалыптасқан көзқарасты өзгертуге көмектеседі. Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға басқалар секілді араласуға мүмкіндігін арттырады. Біздің міндет – мектеп оқушыларына мүмкіндігі шектеулі жандар емделуден гөрі, қоғамға деген көзқарасты өзгертетін мазмұн құруға үйрету. Ең алдымен, оларға барлық жағынан кедергісіз ортаны қамтамасыз ету қажет», - дейді медиамектеп директоры Сәуле Алпысова.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық қажеттіліктерге қол жетімділігін бағалауды «Reliance» қоры 2020 жылы  зерттеуген. Зерттеу қорытындысы бойынша,  14 аймақтағы респонденттердің 52%-дан астамы олардың ақпараттық және цифрлық құқықтары «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның» 21-бабына сәйкес бұзылған деп санайды.

Оқудан кейін мүмкіндігі шектеулі мамандар алған білімдерін өз құқықтарын қорғау үшін қолданады.  Аймақтарда БАҚ-ын ашады. Сонымен қатар, олар өзекті мәселелерді қамти отырып, жұмыс істеп жүрген журналистерге осы «халықтың тобына» деген көзқарастарын өзгерту мақсатында тренингтер өткізеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедек бар (олардың 424 мыңы еңбекке жарамды (еңбекке жарамды жастағы 60,5%). Бүгінде олардың тек 126 мыңы (29,7%) жұмыспен қамтамасыз етілген.

«Reliance» қоры мемлекет пен басқа әлеуметтік институттармен жұмыс ортасын құру және оларды білім берудің әр түрлі саласына қосу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға араластыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігін айтып отыр.

«Мүгедектігі бар адам құқығы тұжырымдамасын қалай дұрыс түсіндіруге болатынын көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарды ақпаратттық кеңістікке араластыру керек. Мұндағы концепция мынадай: алдымен қоғам тұлғаны көруі керек, содан кейін барып оның мүгедектігін біледі», - деп баса айтты мүгедек журналист Лукеря Лоншакова.

Түсініктеме қалдыру