news-img

«Алға ұмтылсаңыз, армандар орындалады!», - дейді ерік-жігері мол Мария Әуезова. Ол қазір нағыз мықты, ерік-жігері мол жанға айналған.

Ол – екі аяғы жоқ болса да, Эверест базалық лагеріне шыққан әлемдегі алғашқы әйел. Елорда тұрғыны бірнеше жыл бұрын қан тамырлары ауруы салдарынан аяғынан айырылған. Оған дейін екі жыл емделіп, ота жасау және реанимация процедураларынан өткен. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өздерін қабылдау және өмірге бейімделу қиын болуы мүмкін. Бұл ретте Марияға спортпен шұғылдану – басына түскен ауыртпалықты жеңуге көмектесті. Әрине, мұндай кезде оған жұбайы Мұхтар Әуезов және жаттықтырушысы Вадим Цхе мен жақын достары қолдау білдірді.

2020 жылы Мария Бурабайдағы екі тауға шықты. Ал биыл жаңа шыңға қол жеткізуді жоспарлаған. «Біз Эверест базалық лагеріне жетіп, 5364 м биіктікті бағындырдық», - дейді батыл қыз.

Бірақ Мәриямның ең асқақ арманы протез болды. Спортшыға жоғары ампутация деп аталатындықтан, күрделі протездер қажет. Алайда, неғұрлым технологиялық және белсенді өмір салтын жүргізуге, тіпті тауға шығуға мүмкіндік беретін ең заманауи импорттық протездер керек еді.

Енді міне, Мария Әуезованың арманы шындыққа айналды.

Қыздың батылдығы мен табандылығына сүйсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Марияға протездеуге көмектесуге уәде берді.

Альпинистің арманын орындауға Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры көмектесті.

Мария протездеуге және Мәскеуге баруға көмектескен Қорға ерекше ризашылығын білдіреді.

Ресей астанасында оған арнайы биометриялық протездер дайындалды. Енді Мария Мәскеудегі клиникалардың бірінде үш апталық оңалтудан өтіп жатыр. Енді оның алдына қойған жаңа арман-мақсаттары, бағындыратын белестері бар.

«Ең бастысы – протезбен тұруды үйрену. Енді белсенді өмірге, қарапайым тәуелсіз қимылдауға қайта оралу, бейімделу қалды. Содан кейін, егер қаласа, тауға шығуына болады. Қазір ең бастысы –  жаңа өмір салтына үйрену», - дейді Марияның жаттықтырушысы Вадим Цхе.

Түсініктеме қалдыру