news-img

Өткен демалыс күндері Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шығармашылық бастамалар зертханасы аясында ерекше сән көрсетілімі өтті. «Дала балалары» шоуына отандық жетекші дизайнерлер мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген 27 жас модель балалар киімдерінің коллекциясын ұсынды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараны MPM Kids модельдік агенттігі мен Celebrity және New Stars продюсерлік орталығы Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырды.

«Дала балалары» жобасына TOP Model, балаларға арналған Aidoni, ECO коллекциясы сияқты отандық агенттіктердің дизайнерлері қатысты. MPM Kids модельдік агенттігі модельдерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын жүзеге асырды. Айта кету керек, балалар жоғары дәрежеде ұйымдастырылған кастингтен өтті. Сахнаға шығар алдында олармен кәсіби имиджмейкерлер, стилистер мен продюсерлер жұмыс істеді.

Біріншіден, біз дефилені ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Сонымен қатар, біздің жас модельдерге және олардың ата -аналарына біздің агенттікке деген сенімі мен сүйіспеншілігі үшін рақмет айтамыз. Қатысушылардың бақыттан бал-бұл жайнаған жүздерін көргенімізге шексіз қуаныштымыз! Біз алдағы уақытта балалар сән индустриясы біздің елде сұранысқа ие және танымал болады деп ойлаймыз. Мен біздің команданың осы жобаға қаншалықты күш салғанын атап өткім келеді. Балалар мен олардың ата-аналарының сеніміне кіру өте қиын. Дегенмен, біз өз ісімізді жақсы көреміз және модельдердің бізге де солай жауап беретінін сеземіз, –  деді MPM Kids модельдік агенттігінің директоры Ольга Рыбинцева.

«Дала балалары» жан-жақты бірегей жоба. Біріншіден, барлық жинақтар 100% қазақстандық қатысуымен ұсынылды. Екіншіден, бұл инклюзивті – шоуға әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері мен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Олар үшін модель ретінде өздерін көрсету жаңа мүмкіндік болды.

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры инклюзивті шығармашылық алаң рөлін атқарды. Онда шығармашылық атмосферада барлық балалар өздерінің әртістік таланттарын көрсете алды. Еліміздің жетекші сән дизайнерлерімен бірге жұмыс істеп, қабілеттерін арттырды.

Жобаның тағы бір ерекшелігі – әр балаға жеке киім тігілген. Сахнаға шығу көріністерінің барлығы ұсақ-түйек детальдарына дейін мұқият ойластырылған. Осындай жоғары деңгейде дайындық болғандықтан  модельдер жас ерекшеліктеріне (ең кіші қатысушы небәрі 3 жаста)  қарамастан  ересектер секілді өнер көрсетті.

Балалар да жобадан алған әсерлерін жеткізді. 9 жасар Наиля Жандосова: «Маған әртүрлі позада тұрып суретке түскен өте қатты ұнайды.  Бәрінен де бұрын мен сән дизайнерлерінің жаңа коллекцияларының подиумда көрсетілген сәтін ұнатамын. Мен әйгілі модель болуды армандаймын», - деді.

Кира Ким тағы да модель болуды жоспарлап отыр:

 Осындай керемет сән көрсетілімдерін өткізген ұйымдастырушыларға рақмет! Мен бұған дейін түрлі сән жобаларына қатысқанмын. Алайда, осы жолы мол тәжірибе жинадым. Мен подиумда өнер көрсеткенді жақсы көремін және әйгілі топ-модель болуды армандаймын.

Барлық модельдер стилисттен сыйлық ретінде суретті, кәсіби фотосуреттер сериясын, серіктестердің сертификаттары мен сыйлықтарын алды. Оған қоса, балалар сән индустриясы саласындағы мамандармен бірлесе жұмыс істеп, баға жетпес тәжірибеге қанық болды.

Біз бұған дейін сән көрсетілімдеріне қатысып көргенбіз. «Дала балалары» басқаларынан нашар болды деп айта алмаймын.  Бірақ, мен дәл осы іс-шара кезінде эстетикалық ләззат сезімін сезіндім. Әдемі және талантты балалар-модельдер, мерекелік көңіл-күй, ұйымдастырушылардың кәсіби тобы, Алматыдағы ең маңызды залдардың бірі. Осының бәрі мен үшін ұмытылмас әсер қалдырды, – деп айтты балаларға арналған брендтің негізін қалаушы, жас дизайнер Айдана.

«Дауыс академиясының» вокалистері жас модельдердің дефилесін заманауи музыкалық шығармаларды орындау арқылы сүйемелдеді.

Шоуда ерекше бір оқиға болды. «Дауыс академиясы» орындаған «Тақиялы періште» фильміндегі  «Гүл Алматым» (сөзі Б.Шүкенов, музыкасы А. Зацепин) әні мен бейнебаянының тұсаукесері өтті.

Жобаның серіктестері: Eurasia Talents Agency халықаралық кастинг платформасы, 32 Boutigue, Alma Chocolates, Kaizen жекпе-жек мектебі,  О! Show ерекше мерекелерді өткізетін компания! Food Truck for Family  тоқ дөңгелек, Idemsbaby Almaty, TOP Model, DA Decoretion_art6_kz, Қазақстан дауысы Академиясы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі

Алматы қаласында.

PR-менеджер Артур Жумашев,

+7 708 960 56 13,

pr.zhumashev@gmail.com

 

Түсініктеме қалдыру