news-img

8 сағаттық деректі фильм Елбасы берген сұхбатқа негізделіп түсірілген.

Фильмде еліміздің Тұңғыш Президенті КСРО-ның ыдырауы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және жаңа Елорданың пайда болуы жайлы естеліктерді бөліседі.
Фильмнің атқарушы продюсері «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, атақты американдық кинорежиссер, продюсер, сценарист Оливер Стоун ұзақ жыл бойы бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің дамуын зерттеді.

Стоунды Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы, Елбасының өмір жолы, оның дамушы мемлекет құрудағы жетістіктері қызықтырған. 
Фильмнің режиссері украиналық және американдық киноиндустрияның белді қайраткері Игорь Лопатенок, музыкасын «Алтын глобус» сыйлығының иегері, композитор Карло Силиотто жазды, ал оны «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртістері орындады.


Әлем бойынша тұсаукесер көрсетілімі аяқталған соң фильм көрермендер үшін қолжетімді болады.

Түсініктеме қалдыру