news-img

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында экскурсиялар өткізілді.

Іс-шараларға Қазақстан дипломатиялық қызметінің ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, БҰҰ, Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жерлестері қатысты.

Одан кейін қатысушылар Н.Назарбаевтың ел дамуындағы рөлін талқылады. Кездесуді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай өңірі білім беру қорының атқарушы директоры Исраилов Еркін Дәулетұлы жүргізді.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан айрықша рөлін, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы тынымсыз еңбегін айтты.

«Оның халықаралық аренада көпвекторлы саясатты қалыптастыруға қосқан үлесіне баға жетпейді», – деді спикерлер.

Елбасының осындай қысқа тарихи кезеңдегі Қазақстанның экономикалық саясатына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

Одан кейін шара қонақтары Қарасай батыр атындағы мектепке табан тіреді. Ол жердегі мектеп мұражайында Елбасының қызықты өмір жолын көрсететін қызықты экскурсия өтті.

Дәл осы мектепте Нұрсұлтан Назарбаев 1-9 сынып аралығында оқыған.

Одан кейін қонақтар осы мектептің педагогтарымен кездесті.

Түсініктеме қалдыру