news-img

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың алғашқы құрылысшылары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейіне барды.

Қазақстанның бас қаласын дамытуға үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері музей жәдігерлерімен танысып, үш онжылдықта еліміз бен Елорданың қалай дамығаны туралы естелікпен бөлісті.

- Бастапқыда Қазақстанның жаңа елордасы Астананың қысқа мерзімде ірі мегаполиске айналатынына күмәнмен қарадық. Бүгінде Нұр-Сұлтан – дәстүр мен қазіргі заман элементі үйлесім тапқан әдемі қала. Елордамыздың дамуы барысында мен қалалық мәслихат депутаты болдым. Бұл оңай емес, бірақ өте қызықты кез еді. Нұр-Сұлтан Елбасының саяси ерік-жігері мен қазақстандықтардың еңбегінің арқасында әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналды, - деді Еуразиялық медицина қауымдастығының басқарма төрайымы Надежда Петухова.

Елорда әкімінің орынбасары болған «Евразия + ОРТ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова: «Тәуелсіздік таңы атқан тұста қиын-қыстау кезеңді өткердік. Экономика құлдырады, жұмыс болмады, жалақы кешіктірілді немесе бірнеше ай бойы берілмеді. Қысқа мерзімде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен саяси сауатының арқасында ауыр дағдарыстан шығумен қатар, экономикалық негізді қалыптастыра алдық, халықтың әл-ауқатын көтердік, өзге елдермен достық қарым-қатынас орнаттық. Бұл бәрінен қымбат! Ал біздің Елордамыз – зор жетістіктің нышаны, құндылықтың бейнесі», - деп еске алады.

Түсініктеме қалдыру