news-img

Тәуелсіздік күні - еліміз бен әрбір қазақстандық үшін ең маңызды әрі айтулы мерекенің бірі. Биыл біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жуырдағы «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында атап өткендей, бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

16 желтоқсан – бұл жай ғана маңызды күн емес, бұл Отанымыздың егемендігінің, әл-ауқатының және жетістігінің нышаны.
Елбасы халықтың қолдауымен мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды тірек қалыптастырды - экономикалық өсімге жағдай жасалды, ұлттық мәдениет, ең басты құндылық - бейбітшілік пен келісім сақталды.

30 жыл ішінде Қазақстан диалогқа әрдайым ашық ел ретінде халықаралық беделге ие болды.

Еліміз өзге мемлекеттердің сеніміне кірді, қазір бізде әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі.

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз және Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт пен бақытты ғұмыр тілейміз.

Түсініктеме қалдыру