news-img

Qyzylorda «Inno.Fest» инновациялық идеялар фестиваліне 200 команда қатысып, 1500-ге жуық қазақстандық инноватор өз жобаларын ұсынды. Бір тәулікте олар ақпараттық технологиялар, контент және медиа, кино және бейне, Smart Qyzylorda секілді төрт бағыт бойынша жобалар әзірледі. Үздік идеялардың авторлары жобаларын одан әрі жүзеге асыру және дамыту үшін гранттарға ие болды.

Фестиваль Қызылордада өткеніне қарамастан, оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Байқоңыр және Түркістан облысынан да талантты қазақстандықтар қатысты. Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Ол жастардың IT саласы мен инновацияларға деген қызығушылығын дамыту және қолдауға арналған.

Фестиваль туралы Instagram арқылы білген соң қатысуға бел будым. Бұл фестиваль бізге, қатысушыларға үлкен мүмкіндіктер береді. Мен IT саласында үш жылдан бері оқып жүрмін. Осы уақыт ішінде көптеген байқауларға қатысып, үлкен тәжірибе жинадым. Қызылорда – ерекше қала. Фестивальде ұсынған жобамыз экологиялық мәселелерге арналған, – деді шымкенттік қатысушы Нұрман Ердәулет.

«Inno.Fest» Qyzylorda фестивалінің форматы бойынша 24 сағат ішінде жобаны идеядан прототипке дейін әзірлеу қарастырылды.

«Ming IT» негізін қалаушы Айболат Құлатай, «TechWoman 2019» жеңімпазы Айна Досмаханбетқызы, «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев сынды белгілі спикерлер және блогерлер Сабира Жарасқызы мен Жансерік Қадырбаев және т.б. қатысушыларды жалынды сөздерімен ынталандырды.

2016 жылдан бастап HackDay форматындағы фестивальдер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтіп, IT мамандары мен заманауи технологияларға қызығушылық танытқан жастар арасында танымал бола бастады. Қазақстандағы HackDay шетелде өткізілетін аналогтардан ерекшеленеді. Мысалы, қазақстандық HackDay еш жерде кездеспейтін «Кино және бейне» және «Мазмұн және медиа» бөлімдерін қосқан.  Бұл шығармашылық секциялар барлығына дерлік қатысуға мүмкіндік береді.Сондықтан HackDay арқылы жыл сайын 2000-ға жуық адам өтеді және бұл көрсеткіш жылдан-жылда өсіп келеді, – дейді жобаны ұйымдастырушы, Қызылорда облысы Цифрлық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Нұрсұлтан Назарбаев  Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің мүшесі Сәбит Ибадулла.

Биыл жүлде қоры 2 400 000 теңгені құрады. Фестиваль қорытындысы бойынша әр секциядан үш команда жеңіске лайық деп танылды. Әрбір жеңімпаз команда мақтау қағаздарымен марапатталды: І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-і, Қорқыт ата атындағы Қызылорда және «Болашақ» университеті ректорларының гранттары және сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, Халықаралық технопаркі Astana Hub және Қызылорда қаласының IT-паркі жүлделі орындарға ие болған жобаларды одан әрі дамытуға қолдау көрсетеді.

 

Төменде жеңімпаздар тізімі ұсынылған.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

 

 

 

«Inno.Fest» Qyzylorda 2021 жеңімпаздар тізімі

 

• Контент және медиа:

1 орын — «Digital Oner» командасы (Шығармашылық дағдылар бойынша цифрлық курстар).

2 орын — «Ағайындылар» командасы (ДЦП және аутизмге шалдыққан балаларға арналған анимациялық видеоконтент).

3 орын— «Өткенсіз болашақ жоқ» командасы (Ұлттық, тарихи, қанатты сөз тіркестерін зерттеудің заманауи әдісі).

 

• Smart Qyzylorda:

1-орын — «AII System» командасы (Оқушылардың, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сабаққа қатысуын бақылау, тұлғаны тану жүйесі).

2-орын — «IT Аймақ» командасы (Ылғал мен температура сенсорлары бар автоматтандырылған террариум).

3-орын «AR 262» орын (Антисептиктер мен маскаларды автоматты түрде таратуға арналған робот).

 

 

• Кино және видео:

1-орын — «БАТ» командасы Жерді сақтайық!». Көпшілікті бір мақсат аясында бірігуге шақыратын видео. Экология, Семейдегі ядролық сынақтар, шіріген қоқыс және коронавирус туралы бейнеролик).

2-орын — «Turan Production» командасы (Спорттық ойындар үшін бәс тігу хоббиінің келеңсіз салдары туралы видео).

3-орын — «Oner» командасы (Зорлық-зомбылық және суицид туралы видео).

 

• IT секциясы:

1-орын — «Hexagon» командасы (Білім лигасы жобасы. Қолданба пайдаланушылары бір-бірімен ойнайды және жарысады. Барлық сұрақтар мектеп бағдарламасынан болғандықтан, бұл ҰБТ-ға дайындалу үшін өте қолайлы. Жобаның мақсаты – әр аймақ үшін Білім лигасын құру және оқушыларды ойын арқылы тәрбиелеу).

2-орын — «144 мектеп» командасы («Kode Geass» жобасы. Көлікті анықтау және көлік жылдамдығын бақылау).

3-орын — «F4-1» командасы («Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған объектілерді тану» жобасы. Жасанды интеллект арқылы объектіні тану және оның атын айту).

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің грантына ие болған жеңімпаздар:

 

•           Жармағамбетова Сымбат («Кемеңгер» командасы, «Контент және медиа» секциясы);

•           Жұбаныш Мұрат («IT жастары» командасы, «IT» секциясы);

•           Болатұлы Барысхан («Эксклюзив» командасы, «Smart Qyzylorda» секциясы);

•           Әділбек Дамир («Target» командасы, «Smart Qyzylorda» секциясы).

 

«Болашақ» университетінің грант иегерлері – Smart Qyzylorda секциясы бойынша «Respond» командасының4 мүшесі жеңімпаз атанды.

Түсініктеме қалдыру