Қостанайлық оқушылар балалар құқығы туралы мультфильмдер әзірлейді
Балаларға өз құқықтары жайлы қалай айту керек? Құқықтық құжаттар жалықтырып жібереді, ал олар әлі тәжірибелі заңгерлер мен профессорлардың дәрістерін тыңдайтындай жасқа жеткен жоқ. Мұндай кезде мультфильмдердің көмегі зор.
«KIDS LAW» жобасының авторлары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттеріне арналған «Өз-өзіңе мультипликаторсың» атты практикалық шеберлік сабақтарының топтамасын өткізді.
Тренингтің қарапайым атауының астарында маңызды әлеуметтік міндет жатыр. Ол мультфильмдер топтамасы арқылы кішкентай қазақстандықтарға өз құқықтары туралы айту.
Мастер-класс барысында «Қолшатыр» мультфильмдер студиясының негізін қалаушы Владимир Федоренко анимация тарихы туралы ең қызықты деректерді айтып, мультфильм жасаудың үш практикалық кезеңін көрсетті.
Тренингтерде екі жоғары оқу орнының студенттері тақырыптар бойынша шығармашылықпен айналысып, бірнеше қарапайым сюжетті дайындап, өздері кейіпкерлердің рөлін сомдады. Олардың жұмысының нәтижесінде қысқаметражды фильмдерді өңдеп шықты.
– KIDS LAW – балалар мен жасөспірімдерге өз құқықтарын қызықты түрде білуге көмектесетін жоба. Балалар өз құқықтарын білу арқылы өздерін және достарын өмірде болатын келеңсіз жағдайлардан қорғай алады, – дейді жоба авторы Дамир Мнайдаров.
Жоба 2021 жылдың 1 шілдесінде басталған. Ал соңғысы келесі жылдың 30 маусымына жоспарланған. Осы уақыт ішінде балалар құқығы туралы 10 мультфильм түсіріп, «Өзің аниматор» атты шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланып жатыр. Тәуелсіздік мерейтойына YouTube-тегі Kids Law Cartoon арнасында жарияланған 6 сериядан тұратын бірінші маусымның тұсауы кесілді.
Бірінші маусымда жас көрермендер өмір сүру және салауатты даму, жеке даралығын сақтау, өз басының еркіндігі, ой еркіндігі, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен және экономикалық қанаудан қорғану құқықтары туралы біледі.
Өзекті жобаның идеясы биыл «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорынаның грантына ие болған «Ахмет жолы» ҮЕҰ-на тиесілі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі