Аралда ерекше қажеттіліктері бар балаларға кім көмектеседі
Қызылорда облысының Арал ауданында күрделі экологиялық жағдайы қалыптасқан. Мұны көпшілік біледі. Оны шешуге осы мәселемен айналысатын көптеген қазақстандықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың күші жұмылдырылған. Дегенмен, бұл өңірдегі басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер жұртшылық назарынан тыс қалмайды.
2020 жылы Аралда ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуді мақсатында «Арал ару ана» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Осы ұйымның қолдауымен балаларды дамыту орталығы ашылды.
Ол қала орталығындағы екі қабатты ғимаратта орналасқан. Оны жас кәсіпкер Нұрлыбек Әлиев тегін берген. Жөндеу жұмыстарын да өз қаражатына жүргізген.
Жобаның дамуы үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты маңызды рөл атқарды. Үкіметтік емес ұйым өткен жылы осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде грант ұтып алған болатын.
— Осы уақыт аралығында Арал қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдарда тұратын ерекше қажеттіліктері бар 150 балаға психологиялық қолдау көрсеттік. Балалармен дефектологтар, психологтар, логопедтер жұмыс істейді. Балалар үшін емдік дене шынықтыру сабақтары, қуыршақ терапиясы, аниматорлармен ойындар және мұражай мен кітапханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды, — деп «Арал ару ана» қоғамдық бірлестігі директоры Лаура Ибраимова орталықта көрсетілетін қызмет түрлері туралы баяндады.
Орталықта оңалтудан өтіп жатқандардың қатарында Тұрсынкүл Ілиясованың сегіз жасар Аружан, он жасар Абдулла және 13 жастағы Айша есімді немерелері бар. Екі жыл бұрын бұл балалардың анасы ауырып, қайтып болған, ал әкесі мезгіл-мезгіл табыс тауып, балаларды асыраудың қамымен жұмысқа кетеді.
Балалармен логопед және психолог-дефектолог мамандар жұмыс істеді. Орталық мамандары алғашқы кезде балалардың өздеріне сенімсіз болып, көздеріне мұң ұялағанын айтып берді. Қазір Жобаның арқасында қазір балалардың жағдайы жақсарған. Олар осы орталықта дос тауып, көпшіл болуға бейімделді, қуануды үйренді.
«Арал Ару Ана» қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта өз қызмет аясын кеңейтіп, кішкентай қазақстандықтарға жан-жақты қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.