news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай ауданының білім қоры ұйымдастырған кезекті олимпиада аяқталды.

Математика пәнінен өткен олимпиадаға ауданның 11 сынып оқушылары арасынан 133 бала қатысты. Олимпиада тапсырмаларын жазбаша түрде орындау керек болды. 

Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырады. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты зияткерлік сайыстар proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында онлайн режимде ұйымдастырылды.

Білі бәсекесінде оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары комиссия мүшелері болды. 

Олимпиада қорытындысы бойынша Амина Надырбек (Белинский атындағы орта мектеп) «Ең үздік қатысушы» деп танылды.

Аружан Абитова (Алмалыбақ ауылдық орта мектеп-гимназиясы) ІІ орын,

Камила Әбішева (Үшқоңыр орта-гимназиясы) ІІІ орын жеңімпазы атанды.

Түсініктеме қалдыру