news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінің ғимаратында ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Армысың көктем-  Әз-Наурыз» мерекелік бағдарламасы өтті.

Аниматорлар, би ұжымдары және қазақстандық эстрада әртістері балалардың көңілін көтерді.

Қонақтарға «Шалқыма» халық би ансамблі, «Golden step» балет шоуы, танымал опера әншісі Сүндет Байғожин, балалар және жасөспірімдер театры, сондай-ақ Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, «Moonai» тобы және т. б. өнер көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар танымал әндерді шырқап, әртістермен суретке түсіп, уақытты көңілді өткізді.

Түсініктеме қалдыру