news-img

2022 жылдың 3 сәуірінде (жексенбі) «Jana Tolqyn» атты жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін жүгіруден жарыс өтеді. Бұл жүгіруді ұнататын және салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін жастар үшін тамаша шара болмақ.

Басталуы: 9: 00

Өтетін орны: Абай 159а спорттық-жаттығу кешені (Розыбакиев көшесінің қиылысы).

Қашықтық: 100 және 800 метр.

- 10 жылдан астам уақыт бойы біз балалар мен үлкендер үшін әртүрлі қашықтықта жаппай жүгіруден жарыс өткіземіз. Әлемдік статистика бойынша жүгірушілердің орташа жасы – 25-40 жас. Дегенмен, жастар мен балалар спортына ерекше назар аудару керек деп есептейміз, — дейді «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қорының директоры, жарысты ұйымдастырушылардың бірі Салтанат Қазыбаева.

- Біз Satbayev University, «Тұран» университеті және Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп, жастардың спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасағымыз келеді. Сондықтан бұл жоба олар үшін арнайы жасалған және оған тегін қатысуға болады.

Жарысқа 15-21 жас аралығындағы студенттер мен оқушылар қатыса алады. Қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді, өз санаттарындағы жігіттер мен қыздар арасындағы жеңімпаздар медальдар мен мақтау қағазына ие болады. Ал жүлделі орын ала алмағандарға қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Қатысу тегін, бірақ алдын-ала almaty-marathon.kz сайты бойынша 1 сәуірге дейін тіркелу қажет. Қатысушылар саны 200 адам.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 17 сәуірінде өтетін Алматы жартылай марафонына тіркелу жалғасып жатқанын еске саламыз. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында өтеді.

«Jana Tolqyn» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қоры, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Satbayev University және «Тұран» университеті. 

Қосымша ақпарат:

Лидия Сагановская, «Алматы марафоны» халықаралық жүгіру шарасының ұйымдастырушысы «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қорының PR-менеджері

+7 (727) 311-51-85, +7 (701) 705-15-00, prmanager@almaty-marathon.kz

Түсініктеме қалдыру