Қор стипендиаты Анар Аралхан: Егер өзгеруді әркім өзінен бастаса, әлем мейірлене түседі
Анар Аралхан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлау» мамандығы бойынша магистратураның екінші курсында оқиды. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатты және ҚҰК бакалавриатын үздік тәмамдаған.
Анар - халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың лауреаты. Түрлі концерт, фестиваль, мастер-класстарда Құрманғазы атындағы ҚҰК негізгі және аралас хордың камералық құрамында өнер көрсетеді.
Шығармашылықпен белсенді айналысумен қатар, бойжеткен Николай Островский атындағы арнайы мектеп-интернатында дәріс береді. Ол педагог мамандығы өзінің шынайы әлеуетін ашуға көмектесетінін айтады. Бұл саланы одан әрі дамыту жоспарында бар.
- Менің құрдастарым мен болашақ жас ұрпақтың біздің ұлттық құндылыққа көбірек көңіл бөлгенін, ата-бабаларымыздың ұлы тарихын сақтап, көзінің қарашығындай қорғағанын қалаймын. Тек жас ұрпақ қана емес, барлық адам Қазақстанның бай табиғатына қамқорлық танытса, — дейді Анар Аралхан. - Егер өзгеруді әркім өзінен бастаса, онда әлем мейірлене түседі..
Жас қайраткер және педагог Анар Аралхан үшін шәкіртақы ынталандыру болып табылады. Стипендия байқауына ол төртінші курстан бастап дайындалған.
- Бұл шәкіртақы өзімді жақсы жағынан көрсету үшін бірқатар мүмкіндіктер берді. Мен барлық стипендиаттарға және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры тарихының ажырамас бір бөлігі болғысы келетіндерге сәттілік тілеймін, — деді Анар.