«Jana Tolqyn» жүгіру сайысына 150-ден астам алматылық студент пен оқушы қатысты
100 метр қашықтықта Ерасыл Мэлс (12 секунд) және Жазира Бибосынова (14 секунд) абсолютті чемпион атанды. Ал 800 метр қашықтықты бірінші болып Әлихан Таласбаев (2 минут 25 секунд) және Милан Сотникова (2 минут 46 секунд) еңсерді.
— Бұл біздің жастар үшін арнайы ұйымдастырылған алғашқы бастамамыз, біз үшін де, олар үшін де тың тәжірибе, біз студенттер мен мектеп оқушыларының осындай спорттық іс-шараларға қызығушылық танытқанын көрдік. Жарысқа қатысу тегін және көптеген қатысушы алғаш рет жүгіріп жарысты. Біз үшін жаңа жас аудиторияға спортпен шұғылданудың маңыздылығын, сонымен қатар, пайдалы әрі көңілді екенін көрсету аса маңызды, өйткені әрбір жарыс — бұл үлкен мереке, - дейді «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының директоры және іс-шараны ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева.
Жеңімпаздар өздерінің қашықтығы мен жас санатындағы медальдар мен дипломдар алды, ал мәреден алғашқы болып өткендер ұйымдастырушылар атынан естелік сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.
— «Jana Tolqyn» жүгіру жарысы стадионда жүгірудегі алғашқы тәжірибем әрі алғашқы ұзақ спринт, - дейді №51 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, 15-17 жас аралығындағы 100 метр қашықтықтағы жеңімпаз Матвей Шестаков. – Маған іс-шараны ұйымдастыру сапасы, ұйымдастырушылар мен төрешілер командасының кәсібилігі, еріктілердің жұмысы қатты ұнады. Алдын-ала дайындыққа, жүгіру мен тыныс алудың дұрыс техникасы туралы бейнелерді көруге қарамастан, 800 метр қашықтық маған қиын болды. Мен басқа да жүгіру жарыстарына қуана қатысамын және қашықтықты жеңілдету үшін жүгіруді жалғастыра беремін. Құрдастарыма осындай сайыста бағын сынап көруге кеңес беремін, тіпті тәжірибе болмаса да, нәтижені жазып, физикалық қабілеттеріңізді дамытып, үнемі жаттығу жасаңыз.
Жастарға арналған жүгіру жарыстары мұнымен шектелмейді: 29 Мамырда Tau Jarys ойлы-қырлы жерлер бойынша жүгіру өтеді, оған 14 жастан бастап қатыса алады. almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады.
«Jana Tolqyn» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қоры, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Satbayev University және «Тұран» университеті.