news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Қанаттылар» инклюзивті театры Нұр-Сұлтан қаласының ерекше қажеттілігі бар балалардың Қазақстан би ұжымдарының IV республикалық байқауына қатысуға көмек көрсетті.

Орал қаласында өткен байқауға есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандар қатысты.
Қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, мың бұрала билеуден шеберлік көрсетіп, сұлулығын паш етті. Бұл керемет әрі таңғажайып мереке еді. Байқауға қатысушылар көрермендерді бидің ырғағымен және сұлулығымен тәнті етуге бар күшін салды. 

Хореографы Ботагөз Тұрлыбекова болған Нұр-Сұлтан қаласының «Ақшағала» би ұжымы «Халық биі» номинациясында бас жүлде – гран-приді ұтып алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз!

Түсініктеме қалдыру