news-img

Нұр-Сұлтанда еліміздің ең ірі челлендж қатысушыларына «Елбасы медалі» табысталды.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады. Бағдарламада барлығы 3 деңгей бар: қола, күміс және алтын.  Қола 14 жастан бастап қатысушыларға арналған және алты айға созылады. Екінші деңгей - күміс, оның ұзақтығы - 12 ай, қатысушылардың жасы-кем дегенде 15 жас. Алтын деңгей қатысушылары тапсырмаларды 18 ай ішінде орындайды, олардың жасы 16 жастан асқан болуы керек.

Құттықтау сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы айтты: «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу арқылы жауапкершілік, нәтижеге қол жеткізу, жаңа білім алу, үнемі даму сынды өзіңіздің ең жақсы қасиеттеріңізді көрсеттіңіздер. Мінекей, осылайша болашақ жетістікке, яғни өз ісінің кәсіби маманы атануға жол аштыңыздар».

Жобаға 20 мыңнан астам жас бала қатысады. Жобаның кең ауқымдылыққа ие болуы министрліктер мен әкімдік сынды мемлекеттік органдармен әріптестік орнату арқасында қол жеткізілді. 605 медаль иегеріне білім гранттары берілді, олардың 30%-ы ауыл мектептерінің түлектері.

Жобаға қатысушылар арасында 7329 қатысушы қола, 196 - күміс, 34 - алтын медальға ие болды.

«Елбасы медалі» жобасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асыруда. Бастама мақсаты - дарынды балалар мен жастарды, сондай-ақ еліміздің кәсіби мамандарын қолдау және дамыту.

Түсініктеме қалдыру