Ақмола облысында ерте араласу оңалту орталығы ашылды
Степногорск қаласында «Қамқорлық» ерте жастағы балаларды оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімге Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Әбілова Гүлназ, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директорының орынбасары Қалиасқаров Серғожа, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Еркінова Арайлым қатысты.
Орталық Степногорск қалалық көпсалалы ауруханасының базасында орналасқан. Жыл сайын дамуында ауытқуы және олардың пайда болу қаупі бар 600 бала мұнда абилитациялық және оңалту көмегін алып, заманауи құрал-жабдықта диагностикалық аудиологиялық тексеруден және мидың ЭЭГ-нен өте алады. Мұнда балалармен реабилитолог-дәрігер, невролог, ЕДШ нұсқаушысы, эрготерапевт, логопед және дефектолог сынды білікті мамандар жұмыс істейді.
Мұндай орталықтарға қажеттілік жоғары, тек 2020 жылғы балалардың 6,7%-ға жуығы дамуында бұзылысы бар және кейін мүгедек болу қаупімен туған.
Аталған орталықтан басқа елімізде ерте жастағы балаларға арналған тағы 6 орталық ашылды. Атап айтқанда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Абай, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұмыс істейді.
2023 жылы осындай орталықтар тағы 13 өңірде ашылмақ. Бұл орталықтар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Қамқорлық» жобасы аясында өңір әкімдіктерінің, «Қазақстан халқына» қорының және «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылуда.