Нью-Йоркте ядролық қаруды таратпауға арналған конференция өтуде
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 1-26 тамыз аралығында жаһандық ядролық қауіпсіздік саласындағы ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) ең ірі шолу конференциясы өтуде.
Бұған ядролық саладағы көрнекті саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.
Қазақстан атынан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) директоры Ержан Салтыбаев пікірлесу алаңының іс-шарасына қатысты.
ЯҚТШ-ның 10-шы мерейтойлық конференциясы алмағайып кезде өтуде. Тайвань мен ҚХДР арасындағы шиеленіс күн санап өсуде. Қазіргі Украинадағы соғыс немесе Кашмир төңірегіндегі дау-шарды есептегенде, аймақтық қақтығыстарда тактикалық ядролық қаруды қолданудың өспелі қатерлері туралы жиі айтыла бастады.
БҰҰ алаңындағы осындай іс-шараның бірі Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі, Жапонияның «Сока Гаккай қоғамы», американдық «Қарулануды бақылау қауымдастығы» және ӘЭСИ ұйымдастырған «Ядролық соғыстың алдын алу – қандай қысқа мерзімді шаралар қабылдауға болады?» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел еді.
Дөңгелек үстелді ашқан Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов ядролық қарусыздану мәселесі бүгінгі күні ең өткір мәселе екенін жеткізді.
Ержан Сатыбаев ядролық соғыстың қаупіне, No-First-Use доктринасына («Бірінші болып қолданбау»), Қазақстанның ядролық саладағы саясатына, сонымен бірге, қауіпсіздіктің жағымсыз кепілдіктерін назар аударды.
Ол бірінші болып ядролық қаруды қолданбау жөніндегі заңды міндеттеуші доктринаны әзірлеу және қабылдау бойынша жұмыс істеудің қажеттігін атады. «Ресми бекітілген кепілдіктер ең жоғары жаһандық саяси деңгейде қаралып, қабылдануға тиіс», - деді сарапшы.
Е.Салтыбаев еліміздің халықаралық аренадағы антиядролық бастамаларын да тілге тиек етті.
Мұндай бастаманың бірі Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарусыз әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын (ГАЛ) Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жүзеге асырып отыр.
ГАЛ – ядролық қаруға қарсы күн тәртібін әлемдік аренада ілгерілету мақсатында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған ядролық саладағы танымал саясаткерлер мен сарапшылардың бірлестігі.
Дөңгелек үстелдің басқа негізгі спикерлері Ослодағы бейбітшілікті зерттеу институтының жобасына қатысушы профессор Александр Харанг және қарусызданудың танымал американдық сарапшысы, Пентагонның бұрынғы қызметкері, қазір стратегиялық тәуекелдер жөніндегі кеңестің (Council on Strategic risks) бас атқарушы директоры Кристин Партемор, сонымен қатар, қаруды бақылау қауымдастығының мүшесі, National Journal нұсқасы бойынша идеясы ядролық қарудың болашағы туралы заманауи саяси пікірталасты қалыптастыратын он негізгі әлемдік сарапшының бірі Дэрил Кимбалл болды.
Шетелдік сарапшылар геосаяси тұрақсыздық жағдайында ЯҚТШ-ның және Қазақстан мен Шартқа мүше басқа елдердің таратпау режимін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.