news-img

Білім беруде баланың әлеуетін арттыратын жобаларды жүзеге асыратын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Елбасы Академиясы «Мектепке жол» республикалық акциясына қосылды.

Іс-шара аясында еліміздің барлық өңіріндегі 1-2 сыныпта оқитын 150 бала көмек алды. Олар қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының тәрбиеленушілері.

Академия оталған орталықтағы балаларға көмек көрсетуі бір реттік акция емес. 2021 жылы Qabilet жобасы аясында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 5-11 жастағы балаларға арналған интернаттың 404 тәрбиеленушінің қабілеті диагностикаланған.

Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп «Зерде» және «Мансап» жеке меншік күндізгі зияткерлік мектебіне тегін оқуға төрт бала қабылданды. Бір оқушы «Білім иновациясы» лицейіне оқуға түсті.

Бұған қоса, Атырау облысы білім басқармасы мен «Дарын» орталығының қолдауымен осы оқу жылынан бастап бес бала «Zerdeli» жеке меншік орталығына тегін барады.

Түсініктеме қалдыру