image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 20.03.2020 - 30.10.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер шығармашылық жобаларын жүзеге асыру мақсатында гранттарға байқау жариялады.

Байқау мақсаты – Қазақстанның мәдени мұрасын дамыту және оны сақтауға ат салысып жүрген жас өнер және мәдениет қызметкерлерін қолдау көрсету.

Шығармашылық жобалар грантын иелену байқауына мәдениет және өнер саласында кәсіби қызмет ететін, 40 жасқа толмаған қазақстан азаматтары шақырылады.

Өтініштерді беру мерзімі: 2020 жылдың 2 наурыз – 30 қазан аралығы

Гранттарды бөлу Ережесі мен қатысу өтініші: Гранттар бөлу ережесі

Байқауға қатысу өтініштерін төмендегі мекен-жайға жолдаңыз:

050059, Алматы қаласы, Иванилов көшесі, 12А.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Қосымша ақпаратты  +7 (727) 220 92 14  байланыс нөмірі немесе   e-mail: stm@fpp.kz поштасы арқылы алуға болады.

Түсініктеме қалдыру