«Тұңғыш Президент Музейі» Корпоративтік қоры Туралы

«Тұңғыш Президент Музейі» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне қатысты материалдарды жинақтау, есепке алу, сақтау, жүйелеу және насихаттау үшін ғылыми, мәдени, әлеуметтік, ақпараттық-білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы міндеттерді іске асырады.

Тұңғыш Президент Музейі ұлттық, мәдени бірегейлікті және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процестерін көрсететін қоғамдық коммуникациялар үшін ашық алаң болып табылады.

Музейдің миссиясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұрасын ғылыми және тарихи тұрғыдан түсіну, тарихи тәжірибені болашақ ұрпаққа сақтау және беру үшін маңызды болып табылатын оның идеялары мен бастамаларын ілгерілету және қолдау.

Музей міндеттері:

  • қоғамдық-идеологиялық бейіндегі ұйымдарда қолданылатын менеджмент пен стратегияның озық нысандары, сондай-ақ әлемдік президенттік кітапханалар мен архивтер жұмысындағы жаңа жетістіктер негізінде музей қызметін құру;
  • музей базасында Тұңғыш Президенттің өмірі, жетістіктері, идеялары, саяси философиясы мен стратегиялық бастамалары туралы шынайы ұлттық бастапқы дереккөз ретінде ақпараттық-ресурстық қорды қалыптастыру;
  • белсенді ғылыми-іздестіру жұмысы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға кейіннен жария қолжетімділікті ашу үшін Тұңғыш Президенттің бірегей жеке мұрағаттық-деректі және кітап қорларын жинақтау және дамыту;
  • «Назарбаев моделін» әлемге қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде ұсынуға, Тұңғыш Президент тұлғасының ауқымын, оның ұлттық және әлемдік тарихтағы ерекше рөлін кеңінен көрсетуге арналған тақырыптық экспозициялық бағдарламалар құру.

Байланыс нөмірлері:
Кеңсе: +7 (7172) 70 83 54
Экскурсияға тапсырыс: +7 (7172) 70 83 65, +7 (702) 258 66 08