«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының қатысушылары үшін маңызды ақпарат

5 маусым 2020 ж. 100526 28

 

Құрметті ата-аналар мен «Myń bala» олимпиада қатысушылары!  ІІ кезең 2020 жылы 6-7 тамыз күндері өтеді.

Барлық қатысушыларды жадынама мен компьютерлік тестілеу үлгілерімен (қоса тіркелген) танысуларын сұраймыз.

 

«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезең қатысушыларына арналған жадынама

Екінші кезеңнің барлық қатысушылары белгіленген Назарбаев Зияткерлік мектебінде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 09:00-де болуы керек. Оқушылар өздерімен бірге медицианалық маска мен қағаз немесе электрондық форматтағы туу туралы куәліктің көшірмесін ала келулері керек.

Екінші кезең қатысушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне тасымалдауды жергілікті атқарушы органдар (Білім басқармалары) қамтамасыз етеді. Сынақ өтетін орынға жету туралы ақпаратты алу үшін мектеп әкімшілігіне жүгіну керек.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін өтеді. Кешігіп келген оқушылар тестілеуге жіберілмейді.

Оқушыларды тестілеу нұсқаулыққа бөлінген уақытты қоса алғанда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Тестілеу процесі ата-аналармен мен мүдделі тұлғалардың көруі үшін онлайн трансляциямен қатар жүргізіледі. Онлайн трансляция сілтемесі fpp.kz сайтына жарияланады.

«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысушыларды тестілеу күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінен тасымалдауды Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 13:00-ге дейін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша екінші кезеңде 5 және 6-сынып оқушыларынан 1000 бала іріктеледі.

Екінші кезеңді қорытындылау ұпайларды саралау және ел бойынша үздік 1000 оқушыны іріктеп алумен жүзеге асырылады.

Тестілеудің ең жоғарғы ұпайы – 100 балл.

Қайта тестілеу және апелляцияға беру қарастырылмаған. Оқушы жауаптарының нәтижелерін өңдеу әр тапсырманың қиындық деңгейін анықтайтын және тест бөлімі үшін жалпы баллдағы үлесін есептейтін автоматтандырылған статистикалық және психометриялық талдау арқылы өтеді. Бұл тәсіл нәтижелердің объективті және сенімді бағалануын қамтамасыз етеді.

Олимпиаданың 1000 жеңімпаз-оқушылардың тізімі екінші кезең өткен мерзімнен бастап 14 күннен кейін www.fpp.kz сайтына  жарияланады.

Төмендегі сілтемелер арқылы компьютерлік тестілеу үлгілерін жүктеп алуға болады:

5-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (қазақ тілінде)

5-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (орыс тілінде)

6-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (қазақ тілінде)

6-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (орыс тілінде)

 

Түсініктеме қалдыру

Саламатсыз ба! 5-сыныптар 25-маусым күні тапсырады.
Саламасыздар ма!Компьютерлік тестілеу құрылымы қандай болады?Алдын-ала түсіндіріле ме?Пернетакта және тышқанмен(мышка)жұмыс жасаймыз ба?
Саламасыздар ма.Туу туралы куәліктің көшірмесімен медициналық маскадан баска қандай заттар алып барамыз?Рұқсат қағазды қайдан аламыз?
Саламатсыздар ма ,жоба ұйымдастырушылары.5-сынып оқушылары нақты қай күні 2-ші кезең бойынша тестілеуді тапсырады.25 немесе 26 ма?
Сәлеметсіз бе, уақыт біткен соң компьютер өшіп қала ма? 
Кайырлы кун.мен катысушылар тизимин кормедим еш жерден ...бизге тек сынып жетекшиси гана айтты оттиниздер деп....бир жеринен окыганымда ата аналарына смс хабарлама келеди деп жазылган болатын....уйымдастырушылардан ешкандай хабар келмеди.сол жагын тусиндирип жиберсениздер.сосын....мектеп акимшилиги апарып алып келу керек па балаларды...дурыс тусиндим ба.жауап беринизши
доброго времени суток. Я правильно понимаю , для учащихся 5 классов олимпиада будет проводится 25 июня, а для 6 классов 26 июня? Либо будет распределение по районам и областям? Спасибо
Сауаттылық дегенге қандай пәндер  кіреді? Логика, математикадан басқа қандай пәндерден болады сұрақтар? 
Тесттен өткен жағдайда қандай жеңілдіктер қарастырылған? Дарын мектептеріне жолдама ала ала ма?
Тізімді қайдан қарауға болады?
Неге сұрақтарымыз жауапсыз?
Саламатсызба,"Абстарктілі-логикалық ойлау" бөлімі бойынша тапсырмалардың үлгісін қайдан қарай аламыз?
Салеметсіздерме. Біз Алматы облысынанбыз . Нұрсұлтан қаласына барамызба?Алматы қаласына неге өтпейді?
Здравствуйте. Получается задания будут по математике, литературному чтению и логическое мышление? Заданий по каз языку не будет?
ұнады
Назарбаев мектебінде тапсырамыз ба?
Біз Тараз қаласынанбыз,Таразда тапсырамыз ба?
Тараз  қаласында Ништа өтедіме
Салеметсіздерма құрметті жоба ұйымдастырушылары бұл жобаға қалай іріктеп алғанын білмеймін менің де қызым жақсы оқитын еді сондай қатысқымыз келеді қатыссақ болама көмектесіңіздерші көп балалы анамын
Сəлеметсіздер ме?
6-шы сынып 2-ші кезең бойынша тестілеуі қай күні тапсырылады? 
Және мен Атырау облысы Құрманғазы ауданынанмын. Мен Атырау қаласындағы зияткерлік мектепке барып тапсырамын ба?
 Салеметсізбе. Қандай пәндерден болады?
Сәлеметсіздерме? Балаға мед. справка міндетті түрде керек па? Қандай құжаттар керек?  
Сәлеметсізбе! Қарағанды облысының балалары Нұр Султанда тапсырма? Жоқ Қарағанды мектебiнде болама? 
Сәлеметсіз бе егер мың бала олимпиадасын ұтса дарын, республикалық физика-математика және Білім инновация лицейлеріне қабылдайды ма
неге жауап жоқ??????? 
Немесе магнитный конструктор болады ма әкелуге?
Саламатсыздар ма? Осы олимпиядаға қағаз, ручка және қайшы әкелуге болады ма? Жауап күтемін...
Что будет если участник выиграет?