«EL ÚMITI» онлайн платформасында «Qabilet» модулін жүзеге асыру байқауына өтініш қабылдау басталды

31 шілде 2020 ж. 18049 0

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Qabilet» модулін жүзеге асыру бойынша ең үздік ұсынысқа байқау жариялайды және жобаның серіктесі болуды ұсынады.

Байқауға бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және іске асыру бағытында қызмет көрсететін отандық IT компаниялар шақырылады.

Байқау тәртібі:

  1.  Үміткерлер «Qabilet» модулінің талаптары көрсетілген қысқаша сипаттаманы жүктеп алып, it@elumiti.kz поштасына байқауға қатысу өтінішін жолдауы қажет;  
    Маңызды! Құқық белгілеуші құжаттардың, лицензиялардың, сертификаттардың (болған жағдайда), сондай-ақ үміткердің еңбек тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесін (скан нұсқасын) ұсыну қажет.
  2. Өтінішдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 31 шілдесінен 14 тамызға дейін;
  3. Өтініштер қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін 20 күнге созылатын іріктеу рәсімі басталады;
  4. Байқау комиссиясының шешімімен модульді жүзеге асыруға тиімді ұсыныстар жолдаған үміткерлер іріктеліп алынады. Іріктеу рәсімі барлық өтініштерді қарастыру кезеңі аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде өтеді;
  5. Іріктелген  үміткерлерге  модульге қатысты толық талаптар көрсетілген техникалық тапсырма ұсынылады. Үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің талаптарына сай орындалу мерзімі мен қызмет бағасы туралы ақпаратты жіберуі тиіс;
  6. Байқау комиссиясы үздік ұсыныс берген бір жеңімпазды анықтайды. Жеңімпазды анықтау мерзімі  - өтініштерді қабылдау кезеңі аяқталған күннен бастап 20  жұмыс күнін құрайды;
  7. Жеңімпаз «Qabilet» модулін әзірлеу жұмыстары толық аяқталған соң 12 ай бойы кепілді техникалық қолдау көрсетеді;
  8. «Елбасы Академиясы» КҚ мен жеңімпаз арасында модульді әзірлеу жөніндегі қызметер туралы келісім жасалады..

Үміткерлерді іріктеу ережелері:

Үміткердің:

  1. Ақпараттық технологиялар саласында еңбек тәжірибесі 3 жылдан кем емес болуы шарт;
  2.  Күрделілігі әр-түрлі жіксіз байланыстарды жүзе асыруда тәжірибесі болу керек;
  3. Модульді жүзеге асыру мерзімінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы тиіс; 
  4.  Қызметтерді жүзеге асыруға қажетті (жеке меншігінде, уақытша пайдалануында және т.б)  материалдық және еңбек қоры (кемінде 3 қызметкерді жұмысқа алуға мүмкіндігі) болуы шарт.
  5. Төмендегі салалардың бірінде жобаны жүзеге асыру тәжірибесі болу керек:
  • білім беру саласындағы технологиялық зерттемелер; 
  • Жасанды интеллектті әзірлеу;
  • машиналық оқыту;
  • ірі көлемдегі ақпаратты өңдеу;
  • ақпараттық қауіпсіздік;
  • робототехника;
  • ойын шешімдері мен спорттық марафондар;
  • форумдар, вебинарлар.

     6. Өнімнің түпүлгісі болуы тиіс (міндетті) немесе өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өнімнің түпүлгісін әзірлеу, сондай-ақ оның Демо-нұсқасы мен тиісті пайдалану нұсқаулығын ұсыну қажет.
     Маңызды! Дайын шешім болған жағдайда қызметке қажетті сәйкестікке қарастыруға дайынбыз.
     7. Маңызды! Жобаға қатысуға өтініш білдірген үміткерлер, салық берешегі бар/жоқ туралы ақпаратқа және жосықсыз қатысушылар тізімінде бар/жоқ туралы ақпаратқа тексеріледі.

Байқауға қатысу өтінімдерін it@elumiti.kz  поштасына жіберуді сұраймыз. Өтініш жіберу арқылы үміткерлер өздері туралы мәліметті тексеруге келісім бергенін растайды.  

Құжаттарды жүктеу:

1. «Qabilet» модуліне арналған талаптардың қысқаша сипаттамасы.pdf
2. Қатысушыларға арналған өтініш үлгісі.doc

Түсініктеме қалдыру