«Кім білгіш?» турнирдің I-кезеңі аяқталды

16 қазан 2020 ж. 2045 0
news-image-main

Білімпаздарға арналған «Кім білгіш?» халықаралық онлайн турнирі жалғасуда.

Жоғары сынып оқушылары арасында өтетін  зияткерлік-танымдық ойынға биыл 9,10 және 11-сыныптың  3000-нан астам оқушысы қатысты.

Турнирдің екінші турына  ең көп ұпай жинап ерекшеленген 120 қатысушы іріктелді.

Естеріңізге сала кетейік, турнир спорт, XX ғасыр, XXI ғасыр, дөңгеленген әлем, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым  тақырыптарын қамтыған  35 000-нан астам сұрақтан тұратын зияткерлік ойын (мобильді қосымша) негізінде өтуде.

Екінші тур 2020 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

120 қатысушының ішінен  суырылып шыққан турнир жеңімпаздары жыл соңына дейін анықталады.

Ойын нәтижелері kto-umnee.qazaq-found.kz сайтында қол жетімді.  

Қатысушыларға  табыс тілейміз!

Түсініктеме қалдыру