Байқаудың өткізілу уақыты: 05.09.2019 - 14.10.2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоо-дағы үздік жас ғалымдар Кеңесі атағына дәстүрлі конкурс жариялады.
Конкурс жас ғалымдар Кеңесінің (ЖҒК) қызметін дамытуға септігін игізеді. Оның мақсаты жас ғалымдардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ олардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
ТПҚ жанындағы ғылым бойынша Кеңес мүшелері және белсенді жұмыс істейтін ғалымдардан тұратын конкурстық комиссия, жеңімпазды анықтау кезінде келесі критерийлерге сүйенеді:
— жас ғалымдар Кеңесінің белсенділігі және жұмыс нәтижелілігі;
— ЖҒК жүзеге асыратын шаралардың ерекшелігі, маңыздылығы және келешегі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- жас ғалымдар кеңесі қызметінің сипаттамасы, оның құрылған жылы, негізгі өткізілген іс-шаралары, сондай-ақ оның ұйым қызметі шеңберіндегі белсенділігін қамтитын бірінші басшының қолы қойылған ұйымның хаты (2 беттен артық емес);
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы 3 жылдағы жас ғалымдар кеңесінің қызметі туралы өтінім-түсіндірме жазба (10 беттен артық емес);
- мақсаты, міндеттері, жұмыстың болжамды нәтижелері, қаржыландыру көлемі мен көздері көрсетілген жас ғалымдар кеңесінің алдағы жылға арналған кеңейтілген жұмыс жоспары;
- жас ғалымдар кеңесінің Microsoft Office PowerPoint бағдарламасындағы презентациясы.
Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен анықталады. Жеңіс, ¾ кем емес дауыс жинаған жас ғалымдар Кеңесіне беріледі.
Үздік ЖҒК диплом және өз қызметін қолдау мен дамытуға грантпен марапатталады.
Өтінімдер беру мерзімі: 2019 жылдың 5 қыркүйегінен 2019 жылдың 14 қазанына дейін.
Байланыс нөмірі: +7 (727) 220 92 24 – Едігеева Роза Мақашқызы