image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 09.08.2021 - 28.08.2021

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Тұран университеті, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры Сіздерді «Жастар Start Up» республикалық инновациялық бизнес-жобалар байқауына қатысуға шақырады. Іс-шара 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматыда өтетін «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалдық әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» атты I Халықаралық ғылыми форумның алаңында болады.

Байқаудың мақсаты – байқауға қатысушылардың инновация бағытындағы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруына жағдай жасау, әлеуметтік жауапкершілік пен кәсіпкерлікті дамыту және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту.

Байқау тапсырмалары:

  • жастардың іскерлік белсенділігін арттыру;
  • жобаларды іске асыруды одан әрі жеңілдету үшін перспективалы инновациялық бизнес-жобаларды іріктеу;
  • кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету;
  • Қазақстан Республикасында Start Up-қозғалысын дамыту және қолдау.

Байқауды өткізу тәртібі:

Байқауға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, белсенді жастар қатысады. Бір ұйымнан 2 командадан көп емес (бір командада 3 адамнан көп емес). Байқауды ұйымдастырушының келісімі бойынша осы байқауға қызығушылық танытқан басқа мүдделі тұлғалардың қатысуына да мүмкіндік беріледі.

I кезең – сырттай іріктеу 28.08.2021 дейін өтеді. Қатысушы мультимедиялық презентация (7 слайдтан аспайтын) немесе видео материал (3 минуттан аспау керек) түріндегі жобаны қарауға жібереді. Материалдарда инновациялық бизнес-жоба мүмкіндігінше анық сипатталуы тиіс, оның өзектілігі, жаңалығы мен өзіндік ерекшелігі, жобаны іске асыру кезінде шешілетін мақсаттар мен міндеттер, инвестициялық сипаттамалары және техникалық (экономикалық, әлеуметтік) артықшылықтары көрсетілуі қажет. Сырттай іріктеудің нәтижелері жоба авторларының тіркеу кезінде көрсеткен электрондық поштасына жіберіледі.

II кезең – финалистердің жобаларын сарапшыларға таныстыру және жеңімпаздарды іріктеу. Екінші кеең 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласында өтеді. Жобаны ұсыну уақыты 5 минуттан аспауы керек (онлайн, офлайн формат). Егер мүмкіндік болса, ұсынылған жобаның эскизі ретінде саналатын визуалды үлгі қабылдана береді. Сонымен қатар, егер көрнекі материал немесе видео материал (эксперименттік үлгі, альбом, прототип және т.б.) бизнес-идеялар болса, байқауға қатысушылар фестиваль аясында өтетін «Кәсіпкерлік және инновациялық жобалар көрмесіне» қатысады. Бұл жобаның нәтижелері бойынша номинациялар бар.

Байқау финалистері презентацияларын таныстырады, соның нәтижелері бойынша сарапшылар толтырған бағалау парақтарының негізінде байқаудың қазылар алқасы жобаларды бағалап, жеңімпазды анықтайды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған сыйлықтарды ұйымдастырушылар анықтайды. Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар Алматы қаласында 2021 жылдың 10 қыркүйегінде табысталады.

Инновациялық бизнес-жобалар байқауына қатысу үшін төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтінімді толтыру керек https://docs.google.com/forms/d/1a2WMPNb3zMIZPYRW5NIt_ckln2_VWycaq7rK5NebjaA/edit) және жобаны d.razakova@turan-edu.kz. поштасына жіберу қажет.

Ғылыми форумға қатысу үшін тіркеу мына сайтта жүргізіледі: https://scienceforum.kz/

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің мекенжайы:

Разакова Дина

E-mail: d.razakova@turan-edu.kz

Түсініктеме қалдыру