image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 10.02.2022 - 10.04.2022

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ - қазіргі заманауи негізгі басымдық» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – ұлттық мәселелерді шешудегі әлеуметтік-бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; өңірлердегі халықтың әлеуметтік бастамаларын белсенді ету; жергілікті деңгейде әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу.

Байқаудың міндеті: мынадай әлеуметтік маңызды мәселелердің шешімін ұсынатын үздік жобаларды жинау және жүйелеу:

•   балаларды қорғау жөніндегі мәселелерді шешуге қоғамды тарту;

•   коммерциялық емес ұйымдардың үздік әлеуметтік тәжірибелері мен бастамаларын таныстыру, тәжірибе алмасу, балалармен жұмысты ұйымдастыру саласында ішкі және сектораралық серіктестікті дамыту үшін жалпыұлттық алаң ұйымдастыру;

•   балалармен жұмысты ұйымдастыру саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азаматтық бастамаларына қолдау көрсету;

• озық өңірлік тәжірибелер мен бастамаларды Қазақстан аумағында қайталау және іске асыру нәтижелерінен кейінгі бақылау.

Байқау келесі номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді:

        1.«Біздің таңдау құқығымыз туралы даусымызды естіңіз!»

Мына бағыттағы жобалар қаралады:

•       балалардың, соның ішінде инклюзивті қоғамдастықтың мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық-зомбылықты жою, гендерлік нормаларды өзгерту, маргинал топтарды мектептегі қорлаудан (буллингтен) қорғау;

•      балалардың жеке өмірі мен әл-ауқатына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қалыптастыратын жаңа технологияларды енгізу;

•               балалардың қоғаммен араласуы және бала құқығын тыңдауды ескеруге мүмкіндік беретін орта құру;

•              аз қамтылған балаларға көрсетілетін кемсітушілікті азайту, цифрлық, экологиялық, білім беру, мәдени құқықтарға қол жеткізу.

2. «Балалар алдындағы жауапкершілікті жаңғырту: болашақтың міндеті»

Мына бағыттағы жобалар қаралады:

•      дұрыс тамақтану (аштық пен семіздік), полиомиелит, АИТВ/ЖИТС, онкология, туберкулез сияқты әлеуметтік ауруларды анықтау және кедейліктің алдын алу бойынша инновациялық жаңа идеяларды, тәсілдерді қолдану;

•    алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету: жасөспірімдердің, оның ішінде, коронавирустық аурудың салдарынан болған зардаптарын жою, психикалық денсаулығын қалпына келтіру; пандемия кезінде медициналық кеңес беру және балалар мен ата-аналарды қолдау үшін онлайн, цифрлық қызметтерді құру; балалардың инклюзивті қоғамдастығы үшін репродуктивті денсаулықтың сақталуына көмектесу;

•         ауылдық жерлердегі балалар үшін цифрлық оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сапалы инклюзивті білім беру; мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі бейімдеу;

•     балаларды ұзақ мерзімді стигматизациядан және қаржылық тұрақсыздықтан шығару үшін ата-аналарды оқытуды қоса алғанда, ұзақ мерзімді онлайн оқытудан алған білімдерін қолдануы үшін оқу орталықтарын, платформалар мен ресурстарды құру; қаржылық сауаттылыққа және кәсіпкерлік бағытта отбасылық бизнеске оқыту;

•       коронавирустық пандемиямен және экономикалық дағдарыстан кейінгі кезеңмен күресу үшін краудфандинг платформалары, әлеуметтік желілер сияқты цифрлық технологияларды пайдалана отырып, «вирустық» гуманитарлық акцияларды өткізу;

•    әлеуметтік жетімдікті азайту үшін отбасы институтына өзгеріс жасау.

3.            «Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстарды қолданыңыз!»

Мына бағыттағы жобалар қаралады:

•      балалар мен жасөспірімдердің өз әлеуетін іске асыруға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін шығармашылық, мәдени бастамаларын қолдау: мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, денсаулығы мен психикалық дамуын ынталандыру құралы ретінде жаңа инклюзивті ойындарды әзірлеу;

•    балаларды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу үшін ақпараттық, цифрлық, коммуникациялық, көшбасшылық дағдылар орталықтар мен мектептер құру;

•  балалардың қоғамдық пайдалы іс-шараларға қатысуы (еріктілер, табиғатты қорғау топтары, спорттық және әскери мерекелер, ойындар);

• қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған шығармашылық идеяларды іске асыру; дарынды ауыл жастарын қолдау мақсатында фестивальдер, көрмелер, марафондар, жарыстар, эстафеталар сияқты әлеуметтік шаралар ұйымдастыру; экология, қоршаған орта және туризм бойынша аудио, видео, стримдер, влогтар жасау бойынша интернет-байқаулар өткізу.

Өткізу мерзімі:

• I кезең ( 2022 ж. 10 ақпаннан 10 сәуірге дейін) — байқауға қатысуға құжаттарды қабылдау, бастапқы іріктеу белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

• II кезең (2022 ж. 10 сәуірден 20 сәуірге дейін) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (ТОП-50 жоба).

• III кезең (2022 ж. 28–29 сәуір аралығы) – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде ТОП-50 жобаны қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Байқауға қатысу үшін өтінімді MsWord форматында қазақ немесе орыс тілдерінде, электронды түрде innovaproekt@fnn.kz поштасына жіберу керек.

Байланыс:

Ершіманова Гүлнәр Орынбасарқызы, телефоны: 8 (727) 305-36-20, е-mail: innovaproekt@fnn.kz

Төменде байқау материалдарымен, өтінім формасымен, ережелермен және нұсқаулықтармен таныса аласыз.

Назар аударыңыз! Байқауға қатысуға өтінім жібермес бұрын, алдымен өтінімді толтыру нұсқалығымен мұқият танысыңыз! 

Түсініктеме қалдыру