image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 01.07.2022 - 18.09.2022

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM» шығармашылық жобаларын іске асыруға дарынды жастарға арналған республикалық гранттар байқауын жариялайды.

Байқаудың басты мақсаты – жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сонымен бірге, мәдениет және өнер, дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қолдау.

Байқауға қатысуға 40 жастан аспаған, Қазақстан азаматы болып табылатын шығармашыл қызметкерлер, сонымен қатар, мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар қатыса алады.

Байқаудың 10 жеңімпазына жобасын іске асыруға 2 млн теңгеден грант беріледі.

Байқау үш кезеңнен тұрады:
 
• I – өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу – 2022 жылғы 1 шілдеден 18 қыркүйекке дейін.
• II – жобаларды бағалау және финалистердің шорт-парағын қалыптастыру.
• III – Алматыда финалистердің тұсаукесері және «ЖасSTAR» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында жеңімпаздарды анықтау.
 
Өтінім берер алдында байқау ережелерімен танысыңыз. Жүктеу

Грантқа өтінім беруге арналған бет.

Түсініктеме қалдыру