Байқаудың өткізілу уақыты: 15.03.2023 - 30.04.2023
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты даму бағыттары» тақырыбында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды
Байқаудың мақсаты құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
• Азаматтардың құқығын қорғау, СӨС профилактикасы, медициналық қызметтердің сапасы, цифрландыру және ақпараттық мәдениет саласындағы үздік үлгілердің тұсаукесері.
• ҮЕҰ-ның арнаулы топтармен жұмыс істеудегі тәжірибе алмасуы және үздік тәжірибені насихаттау үшін пікірталас алаңдарын ұйымдастыру.
• ҮЕҰ-ның кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
• Қоғамдық тану және ҮЕҰ қызметіне назар аудару.
• Әлеуметтік жауапты бизнес өкілдерінің, сарапшылардың, билік өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың жоба жетекшілерімен өзара іс-қимылының неғұрлым тиімді тетіктерін айқындау.
• Қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруда ауыл азаматтарының санын көбейту үшін өңірлерде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың қызметін ынталандыру.
• Қазақстан аумағында үздік өңірлік тәжірибелер мен бастамаларды тарату және енгізуден кейінгі нәтижесін бақылау
Байқау мына номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді:
№1 номинация: «Құқықтық құзырет: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау»
Бұл номинацияда халықтың құқықтық мәдениеті мен азаматтық санасын арттыруға бағытталған жобалар қарастырылады:
- Құқықтық жалпыға бірдей оқыту, заңға құрметпен қарауды дамыту, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттармен халықтың білімін арттыру арқылы ақпараттық-ағарту жұмысы, құқықтарды қорғау және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша білім беру, коммуникациялық, консультациялық қызметтер арқылы халықты құқықтық қолдау;
-Азаматтық бақылау бойынша консультациялық-құқықтық-мониторингтік қызметтерді құру үшін жалпы халықтың, оның ішінде әлеуметтік осал топтарды (сарапшыларды, уәкілетті тұлғаларды, еріктілерді, қызметкерлерді және т.б. дайындау) ақпараттық-құқықтық сауаттылыққа оқыту;
- Халықтың құқығын қорғау саласындағы үздік модельдерді насихаттау, құқықтық мәселелерді, кемсітушілікті, гендерлік теңсіздікті, ақпараттық қауіпсіздікті және құқықтар мен мүдделерді қорғауды талап ететін өзге де бағыттарды шешу бойынша халықпен жұмыс істеу тәжірибесі мен табысты тәжірибесін тарату.
№2 номинация: «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті жақсарту»
Бұл номинацияда халықтың денсаулығын жақсартуға және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге бағытталған жобалар қарастырылады:
- өзінің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру бойынша үздік идеялар мен тәжірибелерді анықтау және таныту, халықты салауатты әдеттерге баулып, дене шынықтыру сабағына, спортқа және дұрыс тамақтануға тарту, осы салада халықаралық тәжірибені табысты қолдану, цифрландырудың, интернеттің балалардың денсаулығына әсері мен қауіпті төмендету тетіктері;
- сапалы медициналық қызметтер мен шығын материалдарына қолжетімділікті арттыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кепілді медициналық көмек аясында ауылда медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсартуға жәрдемдесу (бағалау, талдау, мониторинг, азаматтық бақылау және т.б.);
- психологиялық кеңес беру, медициналық ақпарат пен ресурстарға қолжетімділікті кеңейту, психикалық денсаулық пен әл-ауқатқа ықпал ететін ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
- пациенттер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
№3 номинация: «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары»
Бұл номинацияда цифрлық теңсіздікті және халықтың ақпараттық сауатсыздығын төмендетуге бағытталған жобалар қарастырылады:
- аға буын өкілдері мен әлеуметтік осал топтарды қоса отырып, халықтың цифрлық және ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін цифрлық, онлайн/офлайн ақпараттық алаңдар құру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларға мұқтаж әлеуметтік мекемелерді (мамандандырылған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, баспаналар, әлеуметтік бейімдеу орталықтары және т.б.) қолдау;
- көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен өнімділігін арттыру үшін ҮЕҰ қызметінде жаңа цифрлық технологияларды пайдалану.
Жәрмеңкені өткізу мерзімі
I кезең (2023 жылғы 15 наурыздан 30 сәуірге дейін) - тиісті талапқа сай өтінімдер мен құжат қабылдау, бастапқы іріктеу.
II кезең (2023 жылдың 1-12 мамыр аралығы) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (үздік 50 жоба).
III кезең (2023 жылдың 18-19 мамыр аралығы) – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде үздік 50 жобаны қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.
Байқауға қатысу үшін өтінімді қазақ немесе орыс тілінде innovaproekt@fnn.kz электронды поштасына MSWord форматында жіберу керек.
Байланыс телефоны:
Ершіманова Гүлнәр Орынбасарқызы – 8 (727) 305-36-20, е-mail: innovaproekt@fnn.kz
Байқауға қатысуға өтінім. Word форматында жүктеп алу
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы туралы ереже. Word форматында жүктеп алу
Назар аударыңыз! Байқауға өтінім бермес бұрын өтінімді толтыру жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Word форматында жүктеп алу