news-img

Алматыда 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің қолдауымен «ЮНА» продюсерлік орталығы мен «Элика» шығармашылық дамыту Академиясы тәрбиеленушілерінің есеп беру концерті өтті. 

 

Жексенбі күні өткен концерттегі орталық тәрбиеленушілері мен әртістердің қатарында Қазақстан үшін алғашқы балаларға арналған Евровидение қатысушысы Данэлия Тулешова, «Голос Дети» отандық жоба нұсқасының жеңімпазы Даниил Юн, «Три дома окнами во двор» рок-мюзиклының жұлдызы Даниил Купч және ең жас талантты қазақстандық орындаушылардың саңлақтар тобы болды.

 

Соңғы жылдары еліміздің беделі көбінесе жас орындаушылардың - заманауи мәдениеттің жарқын өкілдерінің арқасында тартымды болып келе жатыр. Қазақстанның эстрадалық вокалдық өнері Данэлия Тулешова, Алуа Серікқазы, Даниил Купч секілді жас дарындардың аттарымен тікелей байланысты. Олардың халықаралық конкурстардағы жетістіктері мен жеңістері - бұл әлемдік көрерменнің мойындауы. Жас әртістердің өнер көрсетуіне жағдай жасап және оларды қолдай отырып, ҚР Тұңғыш Президент Қоры талантты қазақстандықтарды ынталандыру бойынша өзінің миссиясын орындап қана қоймай, жаһандық әлемдегі ұлттық мәдениет пен өнердің жылжуына өз үлесін қосады, - деді Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

 

Есеп беру концерті П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ұйымдастырылды.

 

Біздің барлық вокалистеріміз бен педагогтарымызды бір іс-шарада жинау бұл сирек жағдай. Бізде жыл бойы конкурстар өтеді десек болады және бұл демалыс күні - нағыз сәттілік, тек бүгін ғана біз өз жетістіктеріміз туралы айта алдық, ал ертең - жаңа жобалар және көптеген жұмыстар, - деп өз әсерімен бөлісті Орталық жетекшісі Наталия ЧураковаБұл оңай емес, бірақ тамаша жыл болды, біздің тәрбиеленушілеріміздің әрқайсысы кәсіби түрде өсті, қандай да бір жаңа жетістіктерге жетті және біз онымен мақтанамыз.

Жақын арада орталық тәрбиеленушілері ірі халықаралық конкурстардың тыңдауларына қатысады, бірақ олардың атауларын атау әлі  ерте. Сондай-ақ биылғы жылы «ЮНА»-ға бірнеше жаңа педагогтар қосылды, ал бұл дегеніміз Алматыда жас орындаушылар бұрынғыдан да көбірек болатындығын білдіреді.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Фото: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру